Құрметті Сәлима Қашқарқызы!

          

   Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын!

Қажырлылығыңыз бен жігерлілігіңіздің, еңбекқорлығыңыз бен адалдығыңыздың арқасында талай жыл бойы талмай еңбек еттіңіз, қандай да болмасын қиындыққа мойымай алға ұмтылып, өмірдің әр күнінен ләззат ала білдіңіз, міне, осындай асыл қасиеттеріңіз үшін Алланың назарына бөленіп,  шүкіршілігіне ие болдыңыз. Ал енді сол еңбектің зейнетін көретін мезгіл жетті.

Елордамыз Астананың бала тұрғындарына медициналық жәрдем беретін беделді ауруханаға  қосып келе жатқан зор үлесіңіз бен қажыр-қайратыңызды бағалаймыз әрі құрметтейміз. Осынша уақыт бойы беделмен атқарған еңбегіңіз үшін алғысымызды, өзіңізге деген зор құрметімізді білдіре отырып, осындай елеулі күні келешегіңізге жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз. Бұл өмірде тек жақсылық көре бергейсіз! 

  Өміріңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, молшылық, ырыс-береке, шаңырағыңызға шаттық, амандық, көңіліңізге қуаныш, жаныңызға жайсаңдылық тілейміз! 

Бақытты болыңыз!

 

 

Игі тілекпен,

Қалалық балалар жұқпалы

аурулар ауруханасының ұжымы


 

Құрметті Бақыт Базылжанқызы!

 

Еңселі 55 жасыңыз құтты болсын! 

Сіздің ауруханаға сіңірген еңбегіңіз – елге, халыққа сіңірген еңбегіңіз. Мұндағы әр атқарған ісіңіз мақтауға лайық. Өте ауыр халдегі балаларға аяушылық танытып, бар мейірімін төгіп, қолдан келген жақсылығын барынша ұсына білетін өзіңіздей еңбегіне адал, қоршаған ортасына мейірбан, дос-жаранға жақын, қарым-қатынасқа берік адам біздің ұжымға керек-ақ.

         Бүгінде сырғыған күндеріңіз бен жылжыған жылдарыңыз куә болған өміріңіз талай белестерді артқа тастап, межелі белдеуден асып, жаңа белеңге өтіп те үлгерді. Жаңа белең тек қана жақсылығын ұсына бергей дегіміз келеді. 

         Сіздің әрдайым білім мен тәжірибені, білгірлік пен сезімталдықты, адамгершілік пен адалдықты табысты ұштастыра білгендігіңіздің арқасында талай жандар қуанышқа бөленіп, талай еңбек мақсатына жетті. Осындай ерен еңбегіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Ұжым болып құрметтей отырып, жеке басыңызға, отбасыңызға бақыт, шаттық, қуаныш, жеңіс тілейміз. Бақытты болыңыз!  

 

Игі тілекпен,

Қалалық балалар жұқпалы

аурулар ауруханасының ұжымы


Медицина – это современное зелье молодости и оздоровления, а медицинские работники – настоящие Ангелы-хранители воплоти. Нет на свете профессии более благородной и важной, чем профессия медицинского работника. И роль врача в сфере медицины – самое главное. Без профессионализма, усердия, ответственности и сострадания врача медицина не достигла бы своей цели.

 

Уважаемая Алина Геннадьевна!

 

Мы достаточно много лет Вас знаем. Узнали Вас как хорошего заведующего, замечательного врача, требовательного наставника, надежного друга и просто как доброго человека. Ваше искреннее желание и стремление помогать пациенту, ответственное отношение к своей должности, трудолюбие, человечность и толерантность восхищает нас.

Примите искренние поздравления в этот знаменательный день. Пусть Ваши дни будут полны бодрости, радости и созидания, ночи спокойны, а дежурства благополучны!

Желаем вам только позитивных эмоций и радостных событий в жизни! Пусть верное служение Ваше зачтется бесценными благодарностями пациентов, удовлетворением от проделанной работы и достигнутых результатов.  

Желаем, чтобы служебные обязанности оставляли силы и для сохранения собственного здоровья, а также огромного человеческого счастья и долголетия, успехов и удачи всегда и во всем. Пусть каждое утро дарит Вам ощущение радости.

Благодарим Вас за безупречный, благородный труд, который так важен нуждающимся пациентам.

Мы ценим Вас, Ваш труд и Ваши силы.

 

 

С искренними пожеланиями,

коллектив Городской детской

инфекционной больницы    

 

Call - Центр

Визиты

Сегодня 247
На этой неделе 2224
В этом месяце 9836
Всего 129747
Авторизованные Online 0
Гостей Online 67

Карта проезда