1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 12 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 Қаулысымен бекітілген» сатып алу ережесіне (бұдан әрі- Ереже) сәйкес,
    «Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды» (бұдан әрі- тауар) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруды жариялайды.
  2. «Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдарды» сатып алу туралы ақпарат, медициналық мақсаттағы бұйымдардың аты, сипаттамасы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр тауар бойынша бөлінген сома (тауарлар тізімі) – осы хабарламаның
    1-қосымшасында көрсетілген.
  3. Тауар келесі мекенжай бойынша жеткізілуі қажет: Астана қаласы, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 12.
  4. Жеткізу мерзімдері мен талаптары: тауарды жеткізу мерзімі Тапсырыс берушіден тауар жеткізу бойынша өтінім алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде.
  5. Ықтимал жабдықтаушылардың баға ұсыныстары жабық конвертте келесі мекен жай бойынша тапсырылады Астана қаласы, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 12, №414 каб. баға ұсыныстарын тапсыру мерзімі 2017 жылдың 28 сәуір сағат 16:00- ге дейін.
  6. Баға ұсыныстары желімделген конверттерді ашу уақыты мен орны: 2017 жылдың 02 мамыр сағат 09: 00 минут, Астана қаласы, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов көшесі 12, №414 каб.
  7. Әрбір ықтимал жабдықтаушылар баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жабылған түрде бір ғана баға ұсынысын береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын тауарлардың Қағидалардың 4-тарауындабелгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сонымен қатар фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
  8. Ықтимал жабдықтаушылардың баға ұсыныстарын ұсынуы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сатып алудың үлгі шартының талаптары сақталып, тауарды жеткізіп беруді жүзеге асыруға оның келісімін білдіретін нысан болып табылады. (осы хабарламаның 2 - қосымша)
  9. Баға ұсыныстары жабық конвертте сатып алу ұйымдастырушысына осы хабарлманың 5 тармағында көрсетілген мерзімде тапсырылады.
  10. Ықтимал жабдықтаушы баға ұсынысы бар жабық конверттің беттік жағында келесі мағлұматтарды көрсетеді:
  • Ықтимал жабдықтаушының аты, мекен-жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы,
  • Сатып алу ұйымдастырушысының аты, мекен жайы,
  • Ықтимал жабдықтаушы баға ұсынысы беріліп отырған сатып алу хабарламасының аты

11. Белгіленген мерзімнен кейін және/немесе осы хабарлманың 10 тармағының талаптары бұзылған жағдайда баға ұсынысы бар конверт журналда тіркеуге жатпайды және ықтимал жабдықтаушыға қайтарылады.

12. Сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: М.М. Тоқанов., тел.: 8 7172 708483.

Қосымшаны сақтау...