Комментарии  

Кулбаева Кумисай
Мен Сералиев Мейржанның анасы Кулбаева Кумисай
Бизге жақсы қарағандарыныз үшін врачтарға, медбекелерге, аспазшыларға, тазалаушыларға үлкен ризашылығымды айтемын. рахмет сиздерге.
Ұлбосын медбекеге айрықша алғыс айтамын көп-көп рахмет.
Ендибаева Бибираба Сулейменовна
Астана қаласы балалар инфекционный ауруханасы.
Ақ қалатты абзал жандарға арнаймын.
Менің немерем 11.05 мамыр күні бірден ыстығы көтеріліп ауруханаға түстім Имамадиева Мерей.
Аурухана меңгерушісі Роза Баженова келіп кызымның қалін көріп кетті. Ақ қалатты абзал жандар Өз ісінің шебері екендігін байқатты.
Зав. отд. Ярманбетов К.Б.
Дәрігер Азылзат Аманханова.
с/х Кумисбековна Айгуль .
проц. м/с Оспанова, Жанбас бастиня Питаева, постовой м/с Гүлшат, Анар, Жақсылық Елюбаевна, санитарка Алмагуль, Нуртай, Сауле, Алмагуль. Келген науқас баламен тез тіл табасып кетті Менің айтар тілегім шексіз
Мерей кыздың әжесі.
Сіздерге үлкен алғысымды айтамын.
Дәрігерлерге арнаймын
Ауырмасын адамдар.
Дәрігерлер аман болып аурулар болмасын
Үйден адам ауырса әуелі алла колдасын
Ақ қалатты абзал жандар тұрғанда
Еш алаңсыз шипа беріп жатқанда
Тілі тәтті жүрегі таза елжіреп
Қалайша сен ұмытпайсын кеселді.
Аман болып бастарыныңыз жүзге келсін жастарыңыз
Не үмітпен келін едік үмітіне шүкіршілік етеміз
Тәуба мың шүкіршілік етеміз
Жақсы болса білгір болса дәрігер
Ауырған тез айығып кетер. Дәрігер, дәрігер емес дегеннің,
Ей адамдар бәрі бекер, бәрі бекер.
Смагулова Жансая Кенжебековна
Алғыс!
Менің алғыс айтқым келеді ИО-6 бөлімшесінің қызметкерлеріне. Оның ішінде:
Бас дәрігерге: Наталья Ивановна бізді қараған
дәрігерге:Ұлжан Сәрсенбиевнаға.
медсестраларға: Тоқтасын Бағдагүл
Сұлтан Құндыз
Ботабек Айсара
Аға. мед.Сейтжапарова Зәуре
санитаркалар: Алматова Гүлзинат
Таханова Гүлжан
Карина Гүлмайра
Ас.таратушы: Бақыт апай
Жанат апай
Барлығы үшін сіздерге коп-көп рахмет. Барлығы өте таза, тамақтарыда өте дәмді.
Сіздерге ешқандай жалобым жоқ. Балама жақсы қарадыңыздар. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Дендеріңіз сау болсын. Сіздерге алғысымды білдіремін.
Көп-көп рахмет барлық ұжымға.
Жумадилова
Құрметті, қалалық балалар жуқпалы аурулар ауруханасының әкімшілігі.
Сіздерге алғысымызды білідіреміз. Әсіресе Бізге күтім көрсетіп, емшара қолданған Дәрігер Бакытгүл Әйтеновнаға,
Медбикелер:
 Амирова Бикен Кенжибековнаға,
 Ботабек Айсараға,
 Тұршат Наргизге алғысымыз шексіз.
Мен – ана балам екеуміздің атымыздан алғысымызды айтамыз. «Б» блокта 12-19 маусым аралығында жатып емделдік.
Медбикелер өз істеріне жауапты, тиянақты болғаны үшін, бокстарымыз тазада ұстаған санитар бикелерімізге де алғыс айтамыз.
Осы аурухананың жағдайы, яғни ана мен балаға жасалған өте жақсы осындай жауапты, тиянақты медбикелер көп болсын жалпы ужымдарыңызға рахмет!
Дендеріңіз сау болсын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
І/т Ана – Жумадилова Д.
балам – Ауесхан Д.
Жылқыбай
Мен Жылқыбай Мейрамбектің анасымын. Баламның жағдайы мында ауырып түскенен кейінгі жағдайына қарағанда біраз жақсы. Дәрігерге ж/е мейірбике ге ешқандай арызым жоқ.
Айна
Құрметті қыздар, әріптестер!
Осы бөлімнің қыздары: Қарлығаш, Анар, Гүлжан және тағы басқа аты аталмаған қыз-келіншектер, дәрігерлер, әсіресе Марат Сембайұлы!
Сіздерді Медицина қызметкерлерінің күні мерекесімен құттықтаймын!
Әріптестер деген себебім, мен де осы салада жұмыс істеймін. Астана Медицина универститенің қызметкермін.
Барлығыңызға үлкен алғыс білдіргім келеді. Сіздердің көрсетіп жатқан қызметтеріңізге, шыдамдылық танытқандарыңызға, сонымен қатар Анар, Қарлығаш, Гүлжан және де солар сияқты өзге де қыздардың ізетті, сыпайы мінез танытып жүргендеріне өте риза болдым.
Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін, отбасыларыңызға тыныштық пен сүйіспеншілік ұялай берсін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!
Тілек білдіруші: 310-палата
Ерғалиева Кәусардың анасы Айна
Қонақ
Мен, Тұрарбек Аңсардың анасы Сәрсен Шынаргүл апайға ерекше алғыс білдіремін. Осы жүзіңізден ешқашан күлкі кетпесін дегім келеді. Сізге үлкен рахмет жылы сөзбен қолыңыздан келгенше көмектескіңіз келгені үшін де. Және де осы емхана ұжымына Блок «А» ұжымына ерекше алғыс білдіремін. Жұмыстарыңыз әр күндеріңіз сәтті өтсін!!!
Әйгерім
Мен, Қартабаева Әйгерім, Райхен Інкіәрдің анасы сіздердің ауруханаларыңызда жатқан, қызымды емдеген дәрігерге және е медбикеге алғысымды білдіремін, Мейрам Рахтайұлына, медбике Гульбану және Салтанатқа рахмет. Ауруханаларыңыздың таза, барлығы уақытылы жасалады. Рахмет.

Сұрақ қою