Дәріхана меңгерушісінің міндетін атқарушы – Заманова Алина Наильевна, еңбек өтілі – 2 жыл.
Қазіргі уақытта дәрі-дәрмекті тиімді пайдалану қоғамдық денсаулық сақтаудың анағұрлым өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Дәріхана Г2Д2 блогінің бірінші қабатында орналасқан, қызметтік көліктердің кедергісіз кіруін қамтамасыз еткен жеке кіретін есігі бар. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сақталатын орынжай Г2Д2 блогінің жертөле қабатында орналасқан. Стационар дәріханасы жалпы 14 орынжайдан тұрады.
Дәріханада ДЗ және ММБ сақтау ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы «ДЗ, ММБ және медициналық техниканы, олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы» №1595 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәрілік заттар сақталатын орынжайлар екі салқындатқыш, алты тоңазытқышпен жабдықталған, бұл термолабильді дәрілік заттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ауаның қажетті температурасы мен ылғалдылығын ұстауды қамтамасыз ету үшін барлық орынжайларда гигрометрлер мен термометрлер орнатылған, температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есепке алу журналы жүргізіледі.
Дәріхананың құрылымдық бірлік ретіндегі негізгі міндеттері мыналар:
- Аурухананы дайын дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету;
- дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қорларын уақтылы толықтырып отыру;
- дәрілік заттар мен медициналық тауарларды белгіленген тәртіппен сақтау.
Провизор – Қасенов Алтынбек Мырзабайұлы, еңбек өтілі – 9 жыл.
Тел. 70-85-27