Емдәмгер – Оразбаева Үміт Жұматайқызы, еңбек өтілі – 20 жылдан астам.

Негізгі функциялары:

  • стационарлық емдеудегі балалардың емдік тағамдарын және күтім көрсетуші ата-аналардың тамақтануларын ұйымдастыру;
  • аурухананың ас блогі қоймасындағы азық-түліктің есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру және олардың қорғалуын қамтамасыз ету;
  • санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына сәйкес ас блогі орынжайларын тиісті жағдайда күтіп ұстау.

Ас блогі тағамды сапалы әрі жылдам дайындау үшін қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда картопаршығыш, қамырилегіш, көкөніскескіш, мармиттер (дайындалған тамақтың температурасын ұстап тұру үшін және суыту үшін арналған), пісіру қазандығы, күйдіргіш шкаф бар; жаңа тоңазытқыш құрал-жабдық орнатылған.

Заманауи технологиялық жабдықтардың арқасында көптеген процестер автоматтандырылған.

Емдәмші – Тынышбаева Гүлсара Кеңесқызы, жоғары санатты мейіргер, еңбек өтілі – 25 жылдан астам.


Бөлімше тел.: (7172) 70-85-28