Барлығы 6 инфекциялық бөлімше бар. Барлық клиникалық бөлімшелердің ішкі жоспарлауы ұқсас болып келеді. Әрбір бөлімшеге кіреберісте санитариялық өткізгіш қарастырылған. Әр бөлімшеде барлық қажетті функционалдық орынжайлар қарастырылған. Бірінші қабаттардағы палаталар сыртқа (көшеге) тамбурлар арқылы тікелей шығатын есігі бар бокстармен қамтамасыз етілген. 2 және 3-қабаттардағы палаталар жартылай боксталған. Сонымен қатар, әрбір бокстар мен жартылай бокстарда тамбур, шлюз, палата және сан.торап сияқты орынжайлар қарастырылған. Әр палатаның алаңы 50 ш.м. құрайды. Әрбір бокста газ жүргізілген консольдар бар. Бокстар мейіргерді шақыру түймесімен жарақталған. Санитариялық нормативтерге сәйкес науқастар қоршаған ортадан оқшауланған: емізу, емшара, амал-шарғы барлығы бокстарда жүргізіледі. Инфекциялық стационарда келушілер мен науқастардың кездесулеріне жол берілмейтіндіктен әр блокта бейнекездесу жүйесі қарастырылған. Сол себепті әр бокста монитор орнатылған. Күтім көрсетушілер үшін күн сайын мониторда санитариялық-ағарту мазмұнында бейнероликтер, сондай-ақ балаларға арналған мультипликациялық фильмдер көрсетіледі.
Сонымен қатар әр қабатта 2 постан бар, олардың әрқайсысына палаталардың бейнебақылаулары шығарылған. Мейіргер өз жұмыс орнында отырып бокстардың жағдайын және науқастардың жай-күйлерін бақылай алады.
Әр қабаттың жалпы жоспарламалары «көбелек» типте жасалған жекелеген 4 бөліктен тұрады, әр бөлікте 4 бокстан бар. Бейнебақылаудың ыңғайлылығы үшін әр қабатта бейнекамералар орналастырылған. Камералардағы барлық ақпарат жедел басқару орталығындағы үлкен экранға шоғырланған.