Кеуде қуысы, құрсақ қуысы, сүйек жүйесі органдарын рентгенологиялық зерттеу.
Суреттері жоғары сапалы "Siemens" аппаратымен жабдықталған. Сандық рентген датчиктері рентгендік сәулелену мөлшерін айтарлықтай азайтады, бұл ретте суреттің диагностикалық құндылығын жақсарту үшін сандық бейнелерді өңдеу мүмкіндігі бар. Барлық суреттерді бір дискіде сақтауға болады. Қажет болған жағдайда суреттер бойынша телемедициналық арналар арқылы қашықтан кеңес беру үшін көрсетілуі мүмкін.
Емделушіге қашықтықтан бұйрық беру үшін рентген-кабинетте сөйлесу құрылғысы бар.

Рентгенолог дәрігер – Медведева Нина Николаевна, жоғары біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 23 жыл.
Рентген зертханашысы – Аханова Жәмила Амангелдіқызы, еңбек өтілі – 7 жыл.
Каб.тел.: 70-50-25, 70-50-26