Бөлімше меңгерушісі – Костровская Татьяна Евгеньевна. Балалардың инфекционист дәрігері, жоғары санатты, еңбек өтілі – 30 жылдан астам.

Бөлімше 45 төсекке құрылған, 16 мельцерлі боксы бар.

Балаларға ауа-тамшы арқылы тарайтын инфекциямен (баспа, жәншау, тілме, қызылша, қызамық, көкжөтел, желшешек, герпетикалық инфекция, аденовирустық инфекция, инфекциялық мононуклеоз, энтеровирусты инфекция, цитомегаловирусты инфекция және т. б.), вирусты гепатитпен, нейроинфекциямен (менингит, менингоэнцефалит, полирадикулоневрит) ауырған балаларға медициналық жәрдем беріледі.

Бірінші қабат таза орынжай кешені бар бокстармен жабдықталған. Бұл – стерильді орынжайлар, қажет болған жағдайда аса қауіпті инфекцияларға, пандемиялық тұмауға және т. б. арналған.


Ординатор дәрігерлер:

Руденко Виктория Владимировна  – педиатр, еңбек өтілі – 6 жыл;

Посохова Инна Петровна – балалардың инфекционист дәрігері, еңбек өтілі – 3 жыл.



Бөлімшенің аға мейіргері – Жүсіпова Шакизада Мұхтарқызы, жоғары санатты мейіргер, еңбек өтілі – 20 жылдан астам.


Бөлімше тел.:  (7172)  70-85-17,  70-85-18.