Зертхана меңгерушісі – Волкова Гүлнар Серікқызы, бактериолог дәрігер, жоғары санатты, еңбек өтілі – 25 жылдан астам.


Бактериологиялық зертхана бірінші қабатта орналасқан, аумағы – шамамен 1000 шаршы метр.

Зертхана зерттеудің классикалық бактериологиялық әдістерімен де, экспресс әдістерімен де жіті ішек инфекцияларын, ауа-тамшы инфекцияларын, тағамдық токсикоинфекцияларды, ауруханаішілік инфекцияларды, іріңді-қабыну және зең ауруларын диагностикалауға мүмкіндік беретін мамандандырылған жабдықтармен, қоректік орталардың толық жиынтығымен, диагностикумдармен және сарысулармен жарақтандырылған.

Зертханадағы жаңа технологиялар

Bruker (АҚШ)  өндірген Масс-спектрометр бактериологиялық анализаторы қазіргі заманғы микробиологияның соңғысы болып табылады. Анализатор алғашқы себуден кейін-ақ микроорганизм колониясының тікелей сәйкестігіне, жылдам және қарапайым сынама дайындығына, оң гемокультуралармен, несеппен, ликвормен және құрамында жеткілікті мөлшерде микроорганизмдері бар басқа да сұйық орталармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бір үлгіні сәйкестендіру бір минуттан кем уақытты алады және автоматты режимде жүргізіледі ("белокты дактилоскопия типі бойынша").  

MicroScan autoSCAN-4 (Siemens, АҚШ) жартылай автоматты микробиологиялық анализаторы микроорганизмдерді, саңырауқұлақтарды, ашытқыларды сәйкестендіру бойынша анықтауды және олардың антибиотиктерге резистенттіліктерін орындайды.  

Зертхананың автоматты түрде орта қайнатуы бар, ол бу қайнату принципін пайдалана отырып қолданылатын стерильді қоректік орталарды дайындау үшін пайдаланылады және жоғары тиімділігі мен қолдану қарапайымдылығымен сипатталады, сонымен қатар дайын орталарды құюға арналған  автоматты модулі бар.

Қызметкерлердің ауру жұқтыру мүмкіндігін және жұмыс аймағы мен қоршаған орта ауасының контаминациясын болдырмау мақсатында әр жұмыс бөлмесінде микроорганизмдерді физикалық оқшаулауға (жұмыс аймағынан ұстап қалу және бақыланатын жою) арналған микробиологиялық қауіпсіздік бокстары бар. Жаңа жағдайларда "таза" және "лас" жұмыс аймағына ие болу мүмкіндігі пайда болды, олар тиісінше жабдықталған, яғни аймақтардың әрқайсысында жаңа буын стерилизаторлары бар.

 

Зертханада зерттеулердің келесі түрлері өткізіледі:

Микробиологиялық:

  • инфекцияның ішек тобы: Shigella, Salmonella, E. coli патогенді серотиптері, шартты патогенді микрофлора (Klebsiella, Citrobacter, Enterobacter, Hafnia, Erwinia, Iersinia, Proteus etc.)
  • дисбактериозға зерттеу: ішек, аңқа микрофлорасының сандық және сапалық құрамы айқындалады.
  • зерттелетін клиникалық материалдың (зәр, қан, өт, ликвор, емшек сүті, жара, құлақ, көз,  жыныс мүшелерінің, жабық қуыстардың бөлінділері, аңқа және мұрын сілемейлері) микрофлорасы анықталады. Бөлінген қоздырғыштыңантибиотиктерге сезімталдылығын анықтай отырып, Staphylococcus, Streptococcus, Haemophilus, Corynebacterium, микроорганизмдер тобының Enterobacteriacae, ферменттелмейтін бактериялар тобы анықталады.
  • күлқоздырғыштарын және алтын түстес стафилококты тасымалдағышты тексеру үшін аңқа және мұрынжағындылары зерттеледі.

 

Серологиялық: 

  • сальмонеллезді антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • күлді антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • Райт реакциясында қанзерттеу;
  • иерсиниозды (О3,О9, псевдотуберкулезды, Кристенсене) антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • листериозды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • пастереллезды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • менингококты антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • туляремиялы антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • лептоспирозды антигендермен БГАР-ға қан алу;
  • бөртпелі сүзекті, көкжөтелді және көкжөтелшелі антигендерменРА-ға қан алу;
  • Хеддельсон реакциясында қан зерттеу. 

Санитариялық-бактериологиялық: 

  • Күнделікті қолданылатын заттардан ІТТБ-ға шайындыларды себу (Код ортасы);
  • стафилококқа шайындыларды себу;
  • патогенді және шартты патогенді микрофлорағашайындыларды себу;
  • медициналық бұйымдардың зарарсыздығын бақылау;
  • ауа ортасын бақылау. 

Зертхана бактериологиялық, санитариялық-бактериологиялық және серологиялық зерттеулер өткізуде қаланың басқа емдеу мекемелеріне (мердігерлік бойынша келісім шартқа сәйкес) көмек көрсетеді. 

Зертхананың кадрлық құрамы ірі республикалық орталықтарда және алыс шетелдерде мамандандандырудан өткен жоғары және бірінші санатты дәрігерлермен және зертханашылармен жасақталған.


Бактериолог дәрігерлер:

  • Мұсабекова Алмагүл Сембекқызы, бірінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 18 жыл;
  • Әбілдина Айжан Қазбекқызы, бірінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 15 жылдан астам;

Жас мамандар:

  • Алтаева Мәдина Төлегенқызы,
  • Төлеубекова Эльнора Қанатбекқызы,
  • Ұтубаева Мәдина Сәрсенбайқызы.


Аға зертханашы – Балтабекова Айгүл Аллажарқызы, жоғары біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 21 жыл.


 

Тел. 70-85-25