МӘМС – сапалы, тиімді, ыңғайлы жүйе

«МӘМС – сапалы, тиімді, ыңғайлы жүйе. МӘМС мақсаты - медициналық көмектің, оның ішінде жоғары технологиялық көмектің еліміздің әрбір азаматына қол жетімді болуын қамтамасыз ету.

...Азаматтың өзіне  ұнаған  емхананы таңдауының нәтижесінде болашақта  емханалардың арасында   бәсекелестік туындайды. Ал, бәсекелестік  әрбір ұйымның өз мамандарының біліктілігін  және тәжірибесін арттырып отыруға  мәжбүрлейді. Медициналық ұйымның  жұмысының көрсеткіштеріне қарай ел арасында рейтинг анықталады. Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы да олардың сапалы қызмет көрсету нәтижелеріне байланысты төленеді.

Оспанова Дәметкен Ахметқызы

Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының еңбекке адал, қоғамға қайырымды қызметкері, ұлына асқар таудай пана болған Оспанова Дәметкен Ахметқызы 2018 жылғы 9 қазан күні 61 жасында аяқастынан қайтыс болды. 2007 жылдан бері біздің ұжымда қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер қызметінде 11 жыл жұмыс істеп,  қоғамға жағымды мінезімен артында ұмытылмас із қалдырды. Оның іскерлігін, еңбекқорлығын және кәсіби шеберлігін, ұжыммен татулығын, жанашырлығы мен шексіз адалдығын ешқашан ұмытпаймыз.

Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады!

 

 

Қызметкерлер арасында МӘМС бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда

ҚБЖАА-ның Г1Д1 блогі қызметкерлерінің арасында халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың нормативтік-құқықтық негіздері туралы семинар жүргізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасының МӘМС туралы заңдарының жауапкершілік дәрежесін, қатысу принциптері және мемлекет пен халықтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзара әрекеттестігінің шарттары мен  баптары қарастырылды. Семинарға 14 адам қатысты.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000405#z42

ҚБЖАА бактериологиялық зертханасының қызметкерлері арасында МӘМС жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚБЖАА бактериологиялық зертханасының қызметкерлері арасында халықты міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және көпшілікке тарату мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары ағымдағы жылдың 2 қазанында өткізілді. 14 адам қатысқан семинар барысында азаматтарға қолжетімді, сапалы және жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін жүйенің артықшылықтары қарастырылды. Семинар қатысушылары барлық сұрақтар бойынша нақты түсініктемелер, сондай-ақ ақпараттық буклеттер алды.

 

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК (бұдан әрі – ҚБЖАА) Халықаралық қарттар күнін атап өтті

2018 жылғы 1 қазан күні ҚБЖАА Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Аурухананың құрметті ардагерлеріне арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында ардагерлердің талай жылғы еңбектері, адалдықтары үшін алғыс білдіріліп, жақсы тілектер мен жылы-жылы сөздер айтылды. ҚБЖАА қабырғасында орналасқан балалардың инфекциялық аурулары кафедрасының студенттері өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық шабыттарына бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бүгінгі жас буын өмірлерінің жартысынан көбін Астана қаласының инфекциялық аурулармен ауырған балаларының денсаулығын қорғау ісіне арнаған аға буынға деген ілтипаттарын өткен жарқын жылдардың әсем әуендерін шырқау арқылы, өз шығармашылықтарын ұсыну арқылы және одан да басқа өнерлері арқылы шын ықыласпен көрсете білді. Бүгінгі таңда біздің ауруханада 48 зейнеткер бар, олардың 14-і әлі еңбек етіп келеді.

 Іс-шараның соңында аурухана ардагерлеріне құрмет көрсетіле отырып, сыйлықтар ұсынылды.

Абилтаева Әйгерім Жақыпбекқызының туыс-туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Сәуле Нұрашева аурухана ұжымының атынан 2018 жылғы 8 қыркүйекте қайғылы жағдайда өмірден кеткен қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің дәрігері Абилтаева Әйгерім Жақыпбекқызының туыс-туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді.

         Әйгерім Жақыпбекқызы Шымкент қаласында 1987 жылдың 28 тамызында дүниеге келген. 2010 жылы Астана медициналық университетін  тәмамдаған. Өзінің дәрігерлік қызметін 2011 жылы Астана қаласы әкімдігінің Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қабылдау бөлімшесінің дәрігері қызметінде бастаған.

         Еңбек қызметінде өзін білімді маман ретінде танытып, бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарған.

         Осы жылдың қыркүйек айында Израиль, АҚШ мемлекеттерінің шұғыл медицина саласындағы халықаралық жетекші мамандарынан қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша оқытудан өткен.

         Әйгерім Жақыпбекқызы әрқашан медициналық көмекке мұқтаж адамдарға көмек қолын созатын және өз тәжірибесімен кішкентай науқастарды аяғына тұрғызатын.

         Әйгерім Жақыпбекқызы біз үшін мамандығына адалдықтың, ақылдың және мейірімділіктің үлгісі болады. Жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.