Басшы
Баешева Динагүл Аяпбекқызы балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санаттағы дәрігер инфекционист, ҚР ДСӘДМ-нің штаттан тыс балалар инфекционисті, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымның басшысы, денсаулық сақтау ісінің үздігі. 2009 жылы Астана медицина универсетінің «Жылдық үздік профессоры» номинациясының иегері. 2012 жылы «Үздік оқытушы» болды.
Қызметтер:
Балалардың жұқпалы аурулар кафедрасы білім беру және медицина саласындағы оқу-педогогикалық, емдік-диагностикалық, профилактикалық, консультативтік және ғылыми–зерттеу қызметін жүзеге асырады. Астана медицина универсететі және мемлекетіміздің талаптарына сәйкес интеллектуалды, мәдени және адамгершілік деңгейі жоғары, медицина саласындағы жоғары білікті мамандар мен ғылыми-педагогикалық қызметкелерді даярлайды.
Білім беру және педогогикалық қызметі:
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4-ші, 5-ші-курс студенттері, 7-курста «Педиатрия» мамандығы бойынша интерндер, «Жалпы практикалық дәрігер» мамандығы бойынша интерндер, резидентурада «Жұқпалы аурулар, сонымен қатар балалар жұқпалы аурулары» мамандығы, «Педиатрия», «Гастроэнтерология», «Медицина» мамандығы бойынша 1 магистрант және 2 PhD докторант білім алады.
Жалпы медицина мамандығының 4-курс студенттеріне «Іскерлік–рөлдік ойын және дискуссия» инновациялық әдісі бойынша, «Педиатрия», «Жалпы практикалық дәрігер» мамандықтарының 7-курс интерндеріне және «Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары», «Педиатрия» мамандығының резиденттеріне «SimNewBABY» робот манекенді қолданып клиникалық сценарий түріндегі инновациялық технология бойынша практикалық сабақ жүргізіледі.
Ғылыми- зерттеу қызметі:
«Астана медицина универсететі» АҚ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы қызметкерлері 200-ден астам ғылыми еңбек, сонын ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал шығарды, 3 өнертабыс патентін, 2 авторлық куәлік алды, практикалық медицинаға 12 жаңалық енгізді, импакт факторы бар 3 мақала жарыққа шығарды.Кафедрада 2 кандидаттық диссертация қорғалды, 19 резидент және 2 магистрант дайындалды. 2009-2011жж С.Сейфуллин атындағы Агратехникалық универсететіпен бірігіп ауылшаруашылық, қоршаған ортаны бақылау, тағамдық және қайта өңделген өнеркәсіпте ген-инженерлік және жасушалық технология медицинасын пайдаланды. Қарағанды қаласындағы «Фитохимия» ХҒӨХ-пен бірігіп өсімдік шикізатынан жаңа дәрі-дәрмектірді жасады және 2010-2012жылғы GMP стандартына сәйкес өндірілуін ұйымдастырды.ҚММУ-мен бірігіп «Саусалин» препаратының клиникалық тиімділігін және қауіпсіздігін зерттеді. Қазіргі таңда «Саусалин» препаратының описторхозға қарсы белсенділігін зерттеуде.
Қазіргі таңда балалар жұкпалы аурулар кафедрасында 3 phD доктарант білім алуда. Кафедраның ғылыми бағыты: «Созылмалы описторхоз ауруын емдеудің жаңа тәсілі», «Балалардағы ауруханадан тыс пневмонияны дифференциялық диагностикалау», «Антибиотикрезистенттілік, ұстану стратегиясы», «Қазіргі кездегі балалар нейроинфекциясы». Доктарант, магистрант, резидент және балалардың жұқпалы аурулар кафедрасының ғылыми зерттеу үйірмесінің мүшелері жыл сайын жақын және алыс шетелдегі халықаралық ғылыми-зерттеу конфернцияларына белсенді қатысады. Кафедра қызметкерлері Мәскеу, Санк-Петербург, Колифорния, Щвеция, Германия, Нидерланд, Израиль сынды елдермен өзара ынтымақтастық орнатқан.
Клиникалық қызметі:
Кафедра қызметкерлері практикалық денсаулық сақтау саласы бойынша, Астана қаласы мен ҚР аймақтарында үлкен емдік-кеңестік көмек көрсетеді. Жыл сайын балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының базасына кіретін ОПҚ Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының науқастарын емдейді және кеңес береді. Кафедра қызметкерлерінің көмегімен жыл сайын республикалық және қалалық деңгейде семинарлар, мастер кластар және ғылыми практикалық конференциялар өткізіледі. Кафедра мамандары республикалық клиникалық хаттамалардың жұмыс бағдарламасын құрастыруға қатысады, одан кейін сараптау комиссиясында, ҚР ДСӘДМ қоғамдық кеңесінде қорғайды. Кафедра профилактикалық бағытта денсаулық сақтауға үлкен тәжірбелік көмек көрсетеді. Вакцинапрофилактика, ЖІИ профилактикасы, ЖРВИ және саламатты өмір салты бойынша радио және телекөрсетілімдерге белсене қатысады.
Тәрбие жұмысы:
Кафедра “ Жалпы медицина ” факультетінде жетекшілік ететін топтарға келесі тақырыптар бойынша тәрбие жұмысын жүргізеді: “Есірткісіз саламатты өмір салты”, “Саламатты өмір салты, B жəне C вирустық гепатиттің алдын алу”, “АИТВ инфекциясының алдын алу”, “ Темекісіз саламатты өмір салты”
Жастарға патриоттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінуде, жыл сайын “Президент күніне”, “Қазақстанның Тәуелсіздік күніне” жəне “Жеңіс күніне” арналған концерттер, салтанатты іс-шаралар өткізіледі.
Жетістіктер:
- Кафедрада өзінің саласы бойынша мамандандырылыған көмек көрсететін жоғарғы санатты қызметкерлерқызмет атқарады. Кафедра балалардың жұқпалы ауруларының клиникасы бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру үшін білім алушыларды сапалы білімнен қамтамасыз етеді.
- Кафедраның жоғары білікті қызметкерлері: профессорлар, доценттер, жоғары санатты дәрігер ассистенттер, магистранттар, доктаранттар.
- Білім беру бағдарламаларын, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін стейкхолдерлер талаптарына сәйкес мониторингілеу және дамыту.
- Антибиотикке резистенттілік мәселесі бойынша шетелдермен( Швеция,Үндістан, Израиль) халықаралық қатынаста болу. ТМД елдермен (Москва, Санк-Петербург,Минск, Гродно) педиатриялық инфектология саласы бойынша клиникалық, ғылыми қызмет және білім алмасу үшін халықаралық байланыстың болуы.
- Кафедраның жоғары білікті мамандары мен практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің өзара ынтымақтастығы.
- Кафедра қызметкерлері ҚР аумағында балалардың жұқпалы аурулары бойынша əдістемелік, ұйымдастыушылық жəне емдік-диагностикалық бөлімі қызметкерлері жұмыстарын жүргізеді.
- Израиль жəне Клайпеда (Литва елі ) елдерінде академиялық ұтқырлықпен магистранттар жəне докторанттардың академиялық ұтқырлығы.
- «АМУ» АҚ балалардың жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері 200-ден астам ғылыми еңбек иесі, оның ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал жарияланды, 3 өнер табыс патентін, 2 авторлық куәлік алды, практикалық медицинаға 12 жаңалық енгізді, 3 импакт факторы бар 3 мақала шығады.
Кадрлар құрамы:
Қазіргі таңда кафедрада 7 оқытушы және 6 қосымша ассистент қызмет атқарады: кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.Д.А.Баешева, м.ғ.к. А.А.Бринстер, ассистенттер: П.Р.Дүйсенбаева,Н.М.Преснова, С.К.Жұмадирова, А.К.Омарова, Г.К.Тулегенова, Р.Н.Кулжабаева, А.А.Жузжасарова, У.С.Абжанова, Д.О.Шонаева, қосымша ассистенттер: А.Ж.Сейдуллаева, Б.Р.Турдалина А.В.Алтынбекова, аға лаборант А.А.Абдирова.
Кафедраның құрылу тарихы:
- 1967 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетінде балалар аурулары кафедрасы мен балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к..доцент Д.П.Чучупалов тағайындалды.
- 1980-1981 жылы алғашқы педиатрия факультеті ашылды. Осыған орай 1984 жылы кафедра балалардың жұқпалы аурулары кафедрасы ретінде қайта ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі доцент Н.А.Руденко болды.
- 2000-2010 жылы балалардың аурулары кафедрасы қайта құрылды да, балалардың жұқпалы аурулары курсы ретінде эпидемиология мен жұқпалы аурулар кафедрасының құрамына енді. Кафедра меңгерушісі м.ғ.к.., доцент Г.У.Алшынбаева болды.
- 2010 жылы кафедра балалардың жұқпалы аурулары дербес мәртебесін алды, кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Д.А. Баешева.
Фотогалерея
Байланыс:
г. Астана, ул. Турара Рыскулова 12. Блок Г1Д1, 3 этаж.
тел.:8 (7172) 259653
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.