Бөлімше меңгерушісі – Бөкенова Жанар Сәмбетқызы. Балалардың инфекционист дәрігері, жоғары санатты, еңбек өтілі – 20 жылдан астам.
35 төсек-орынға арналған жартылай боксталған бөлімше.
Бұл бөлімшеде жіті респираторлық инфекциямен, сондай-ақ оның асқынған түрлерімен (пневмония, жіті және обструктивті бронхит, ларинготрахеит және т. б.) ауырған балалар емделеді.
Ординатор дәрігерлер:
Махметова Әлия Оразғалиқызы – балалардың инфекционист дәрігері, еңбек өтілі – 10 жыл;
Сүндетова Раиса Алтайқызы – педиатр, медицина ғылымдарының кандидаты, еңбек өтілі – 30 жылдан астам;
Күлжаманов Мейрам Рахтайұлы –педиатр, жоғары біліктілік санаты бар, еңбек өтілі 30 жылдан астам;
Өмірхан Тұрсынай – балалардың инфекционист дәрігері, еңбек өтілі – 7 жыл.
Бөлімшенің аға мейіргері – Шоқтыбаева Айман Аязқызы, жоғары санатты мейіргер, еңбек өтілі – 36 жыл.
Бөлімше тел.: (7172) 70-85-09, 70-85-10