Біздің Борышымыз: Жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің алдыңғы қатарлы әдістерін және стандарттарын   қолдана отырып, уақтылы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсету.   

Біздің Келешегіміз: Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК – балаларға жұқпалы аурулар бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп отыратын, интеллектуалды әлеуетке тірек болатын, пациенттерімізді неғұрлым жақсы жағдайда заманауи жабдықтар қызметімен қамтамасыз ете отырып, тұрақты жетіліп отыратын стационар.

Біздің Құндылықтарымыз:

1. Пациенттің бейімделуі – кішкентай емделушілеріміздің әрқайсысымен жеке тіл табысу арқылы қамқорлық көрсету.

2. Қоғам алдындағы ашықтық пен мөлдірлік – біздің әрекеттеріміз денсаулық сақтау саласындағы стандарттар және қолданыстағы нормативтік құжаттар арқылы реттелген. 

3. Кәсібилік – аурухана қызметкерлерінің біліктіліктерін үздіксіз арттырып отыру, жетілдіруге ұмтылу.

4. Командалық жұмыс және өзара сыйластық – ұжымдастар арасында, емделуші мен медицина қызметкерлерінің арасында өзара сенімділік тудыратын корпоративтік мәдениет.

5. Көшбасшылық – көшбасшылыққ ұмытылысты және алға қойған мақсатқа қол жеткізу жолында барлық деңгейдегі ынтасын қолдау, ұжымдағы әр қызметкердің жауапкершілігін арттыру.

 

 Біздің Ұранымыз: «Дені сау бала – баға жетпес болашақ!»