Бөлімше меңгерушісі – Нұриев Ернар Хамитұлы, балалардың инфекционист дәрігері, бірінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 14 жыл.
Қабылдау-диагностикалау бөлімшесі аурухананың маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. "...театр киім ілгіштен басталады" дегендей аурухана да қабылдау бөлімшесінен басталады. Г1Д1 блогінің бірінші қабатында орналасқан, санитариялық көлікке арналған ыңғайлы кіреберіс жолдары бар. Тәулік бойы жұмыс істейді.
Бөлімше қажетті барлық құрал-жабдықтармен, оттегін бергішпен, пульсоксиметрмен, ингаляторлармен, электрсорғылармен және т. б. жарақталып, науқастарды қабылдауға арналған сегіз қабылдау-қарау бокстарынан тұрады.
Бөлімшеде, сондай-ақ:
- шұғыл медициналық көмек көрсетудің барлық түрлерін жасауға болатын реанимациялық зал;
- талдау жасау үшін қан алуға, инъекция жасауға және т. б. арналған ем-шара кабинеті;
- науқастарға санитариялық өңдеу жүргізуге арналған кабинет;
- персоналға арналған бөлме;
- басқа да қосалқы орынжайлар бар.
Жақын жерде шұғыл талдау зертханасы, рентгендиагностикалық кабинет орналасқан.
Карантиндік және аса қауіпті инфекцияларға күдікті науқастарды госпитализациялау үшін барлық қажетті құралдармен қамтылған екі мельцерлі бокс дайындалған. Мұндай жағдайлар үшін құлақтандыру сызбасы, жұмыс алгоритмдері, қайта бейіндеу жоспары, қорғаныш құралдары және т.б. бар. Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша аурухана қызметкерлеріне жыл сайын сабақтар мен оқу-жаттығу жұмыстары өткізіліп отырады.
Стационарға балалар үйінен жедел медициналық жәрдем, МСАК-тың немесе қаланың басқа да стационарларының жолдамалары немесе өздерінің жүгінулері бойынша түседі. Бөлімше қызметкерлері 1 жастан бастап 14 жас 11 ай 29 күнге дейінгі жастағы балаларға мамандандырылған көмек көрсетеді. Емделушілерді қараудың, тексерудің бірыңғай стандарттары жасалған. Өз жұмыстарында бөлімше дәрігерлері клиникалық хаттамалар мен қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Жедел медициналық жәрдем станциясымен on-line тәртібінде байланыс жасай отырып, стационарларды интернет-құлақтандыру ақпараттық жүйесі орнатылған Науқастың стационарға барар жолдағы бағыт қозғалысы туралы ақпарат компьютер мониторында көрсетіліп отырады.
Стационарға түскен кезде
Өзімен бірге алуға тиіс:
- ата-аналардың және баланың жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлігі (төлқұжаты), баланың туу туралы куәлігі);
- анасының жеке заттары (халат, ауыстыратын аяқ киім, дәрет керек-жарақтары);
- Жеке заттары (киімі, аяқ киім, памперстер, дәрет керек-жарақтары).
Өзімен бірге алуға тыйым салынады:
- салалық мамандардың тағайындауы бойынша қабылдап жатқан дәрі-дәрмектерінен басқа дәрілік заттар;
- құнды заттар (әшекей бұйымдар, ақша және т. б.), олардың сақталуына әкімшілік жауапкершілік алмайды;
- төсек-орын, жаялықтар, шалбарлар;
- ыдыс-аяқ;
- сөмке, бояу;
- түбектер.
Заттар пакеттерге салынуы тиіс.
Сөмкелерді бөлімшелерге апаруға тыйым салынады!
Ординатор дәрігерлер:
Күзгібекова Сәуле Болатқызы – балалардың инфекционист дәрігері, жоғары санатты, еңбек өтілі – 27 жыл, бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу жөніндегі клиникалық нұсқаушы;
Яковенко Инна Ивановна – дәрігер-инфекционист балалар жоғары санатты, еңбек өтілі – 24 жыл;
Хасанова Жанна Ыбырайқызы – балалардың инфекционист дәрігері, екінші біліктілік санаты бар, "Инфекциялық аурулар, оның ішінде балалардың инфекциялық аурулары" мамандығы бойынша резидентураны аяқтаған;
Сайпова Гүлмира Абылайқызы – балалардың инфекционист дәрігері, екінші біліктілік санаты бар, "Инфекциялық аурулар, оның ішінде балалардың инфекциялық аурулары" мамандығы бойынша резидентураны аяқтаған;
Дауылбаева Айгүл Асылбекқызы – балалардың инфекционист дәрігері, екінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 3 жыл;
Байгонова Асылзат Аманханқызы – балалардың инфекционист дәрігері, еңбек өтілі – 5 жыл;
Мурзагалиева Акзира Нагметовна – педиатр, бірінші біліктілік санаты бар, еңбек өтілі – 25 жылдан астам.
Бөлімшенің аға мейіргері – Сыздыкова Алмагүл Аманжолқызы, жоғары санатты мейіргер, еңбек өтілі – 25 жылдан астам.
Бөлімше тел.: (7172) 70-84-97, 70-84-96.