Темекі шегетін де, шекпейтін де ата-ана үшін баласының денсаулығы жақсы болуы, күш-қуатты болуы, мектептегі үлгерімі жақсы болуы, кішкентай достары үшін үлгі болуы – маңызды. Сонда ғана біздер, үлкендер, нағыз бақытты жандар боламыз! Ендеше, баламыздың тыйым салынған дәмді, яғни темекі дәмін қашаннан бері тата бастағанын қалай біле аламыз? Жаңа өсіп келе жатқан ағзаға темекі шегудің қандай зияны бар екенін барлығы біліп-түсінеді. 

Ата-ана бала тууды жоспарлау алдында-ақ оның денсаулығы туралы ойлануы керек. Дұрысында, екеуі де бала туудан бір жыл бұрын темекі шегуді тастаулары керек. Алайда, жүктілік пен темекі шегу бір-біріне қарама-қайшы түсінік екенін біле тұрса да, бұл жөнінде ойланатындары кемде-кем.

Тек болашақ әке ғана темекі шегетін болса да, анаға оның зияны бар, себебі ол да темекі түтінін жұтатындықтан ырықсыз темекі шегуші болып табылады. Темекі түтінін күн сайын жұтатындықтан ананың да темекі шегуші әке сияқты өкпенің қатерлі ісігіне шалыну қаупі бар. Сондай-ақ, жүрек ақаулары да туындауы мүмкін.

Алайда, ана құрсағында жатқан бала да осындай қауіпке душар болуы мүмкін. Ана түсік тастауы мүмкін немесе бала нәресте шағында-ақ қайтыс болуы мүмкін (аяқ астынан қайтыс болу синдромы). Ата-ана осы жөнінде білуі тиіс!

Ең сорақысы – жүкті әйелдің темекі тартуы. Никотин тікелей қанға сіңіп, ұрыққа жеткізіледі ғой. Бұл жерде баланың өміріне тікелей қауіп туып тұрғаны туралы айтылуда. Тіпті, бір күнде бір-ақ темекі тартқанның өзі бала жүрегінің жиі соғуына және жатыр ішінде дем алуының қиындығына әкеп соқтырады. Негізінде, плацента балаға анасынан берілетін барлық зияндылыққа қойылған кедергі іспеттес. Бірақ ол никотинге қарсы тұра алмайды.

 

Егер жүкті ана темекі шегетін болса, баласы никотиннің 16-17%-ын қан арқылы алып, оның жартысынан сәл ғана артығы бөлініп шығады. Нәтижесінде никотин ақырындап бала ағзасында жинала береді. Себебі, қанға никотинмен бірге тұншықтырғыш газ да түседі, сол кезде бала оттегі жетіспеушілігінен әлсіреп, дамуы тежеледі. Осыдан темекі шегетін аналардан туған балалардың көбі туа сала суық тиюге, жүрек ауруларына шалдығуға жақын болады және басқа да кемістіктерге душар болады.

Одан басқа, жүктіліктің ерте кезінде темекі шегу орталық жүйке жүйесінің дұрыс қызмет етуінің бұзылуына септігін тигізеді.

(Оның миы, омыртқасы бар, сонымен қатар ағзасында никотин бар…)

Темекі шегу ананың, ұрықтың және іштегі нәрестенің ағзасында асқынулар туғызады. Темекі шегудің жағымсыз әсері ұрықтың жарақаттанғышының, түсік тастау қаупінің артуының, мезгілінен бұрын босануының, сондай-ақ жатырда және туа сала қайтыс болуының «көрсеткіші» болып табылады. Темекі шегушілердің түсік тастауын бала жолдасының ерте бөлінуімен және ірі инфарктімен немесе ұрық гипоксиясымен байланыстырады. Олардың барлығы жиі кездеседі, себебі темекі шегетіндерде ұрықтың ультрақұрылымдық өзгерістері мен плацентарлы қанағымы байқалады. Бұл 9 000-нан астам жүкті әйелдерге зерттеу жүргізу арқылы дәлелденген. Жүктілік кезінде темекі шеккен әйелдердің түсік тастау қаупі темекі шекпейтіндерге қарағанда 30-70%-ға артық.

Темекі шегетіндер шала бала туады. Бұл ұрық гипоксиясымен (тіндердегі оттегінің азаюы), жатыр ішінде дамыған кезіндегі оттегі жетіспеушілігінен және ұрыққа темекідегі зиянды заттардың әсерімен байланысты. Темекі шегетін аналардың ішіндегі нәрестенің дамуы мына шамалар бойынша төмен: салмақ қана емес, дене ұзындығы, бас және кеуде тұсының шеңбер өлшемі.

Темекі шегу нәрестенің бір жасқа дейін қайтыс болуының және жаңа туған нәрестелердің әрі қарайғы дамуының тежелуінің бірден-бір себебі болады. Бірақ жаңа туғандар ғана емес одан үлкендері де осындайға ұшырауы мүмкін.

Темекі шегетін аналар жүрек ақауы бар балаларды жиі туады. Темекі шегу ұрықтың жүйке түтігінің жасалу, даму үрдісіне әсер етеді, анэнцефалдардың (толық немесе жартылай миы жоқ), ақыл дамуының туа біткен ауытқулары бар, қасқыр азулы, қоян жырық,  шап жарығы бар, қитар нәрестелердің тууына соқтырады.

Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін әкелердің сперматозоидтарында көптеген құрылымдық (морфологиялық) өзгерістер 2 есе артық болатыны дәлелденген: туа біткен ақауы бар балалар туады, ол өз есебінде генетикалық сипаттағы зақымдалуға әкеліп соқтырады.

Қоршаған ортаның уыттылық әсері трисомияға (Даун ауруына) әкеліп соқтыратыны да дәлелденген.

Темекі шегудің осындай зақымдаушы себептірне қарап, темекі шегушілердің темекіден бас тартуларына не кедергі болады екен деген ойға кетесің…

Темекі шегушілер өздерінің субъективті сезімдерінің негізінде темекі шегу күйзелістен шығарады деген түйін жасайды. Мүмкін, керісінше, темекі шегу күйзеліс тудыратын шығар. Темекі шегушілердің көбі бірінші темекісінен ешқандай ғанибетті сезбегендерін, керісінше бірден жағдайларының нашарлағанын сезгендерін айтады.

Отбасында ата-анасының біреуі болса да темекі шегетін болса, балалары ырықсыз темекі зардабын тартушылар болып табылады. Сол себепті онсыз да еліктеу арқылы дамитын баланың көз алдындағы еліктеудің тағы бір мысалы ата-анасының темекі тартуы болса, ол баланың да ерте ме, кеш пе темекі дәмін татып көруіне қызығушылығы туары сөзсіз.

Ата-ана балаларын нәресте шағынан бастап тәрбилейді, ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып түсіндіреді, ал ең көбі өздерінің іс-әрекеттері арқылы тәрбие береді. Әрине, бала үшін бірінші кезекте әке-шешесі үлгі болады, сондықтан егер олар темекі тартатын болса, бала үшін қалыпты нәрсе болып қабылданады.

Бала ата-анасының барлық әдеттерін қабылдап, солардың жетегінде жүреді, сондықтан олар ата-анасына қарап темекі тартуы мүмкін, ал нақ осы жағдай ата-ананың темекіні тастауына себеп болуы керек!

Меніңше, бұл – ойланатын жағдай…