Балаға  ананың  сүтін  ему  өте  маңызды. Себебі  ол баланың өсіп дамуына,    ауруды  тудырмауға,   аурудан   тез жазылуына  тікелей  әсер  етеді.    Ана сүтінде  арудан  жазылуды  қамтамасыз ететін    қоректік затар  бар.   Осы ерекше  компененттердің  арқасында     ана сүті     баланы    аллергиялық  рекциялардан   және  жұқпалы    аурулардан қорғайды.  Ана  сүтінде   май қышқылдары  өте  көп кездеседі, олар  мидың  дамуы  үшін қажетті.   Баланы   6  айға  дейін  тек   ана   сүтімен    тамақтандыру,  ал 6 айдан асқан соң ғана  қосымша   тамақтар беру   ұсынылады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымдамасы бойынша.

Бала  ана сүтін  толық қанды  алуы  үшін  анасы  бірнеше қағиданы  есте сақтауы  керек:
-баланың ауызы    кең   көлемде  ашылуы  керек,
-ареоланың   көп   бөлігі   баланың   аузында  болуы  керек,
-баланың  төменгі ерінің сыртқа  қарауы керек,
-баланың иегі  анасының  емшегіне тиіп тұруы керек,
-баланың басы  және кеудесі  бір деңгейде болуы тиіс,
-баланың беті  және кеуде қуысы анасының  емшегіне,  ал мұрыны  емізігіне қарсы  бағытта болуы тиіс,
-баланың денесі анасының денсіне жақын  орналасуы керек «қарны қарынға»,
-анасы баланың денесін ғана емес,  сонымен бірге  бүкіл   денесін  ұстап  отыруы керек.

Барлық  анада  сүт өндірілуі  жеткілікті  көлемде     болады.  Бірақ  кейбір   жағдайларда   бала  жеткілікті мөлшерде  ана   сүтін  ала  алмауы мүмкін.

Ондай жағдайдың  көріністері:
-баланың салмақты  аз қосуы.(айына 500 гр аз болуы),
-аз мөлшерде зәр бөлінуі,  ( 6 реттен  аз  болуы)  және зәрдің   қышқыл иісті болуы.

Ана сүтін  жеткілікті   алмауының   себептері  олар:
-баланы  дұрыс  емізу  жөнінде анасының  тәжірбиесінің болмауы (ана   сүтінің бала  жаңа  туылған  кезеңде   өндірілуінің болмауы,   баланы  уақыт  бойынша емізу,   емізу  уақытының  аз болуы,   түнгі уақытта баланы емібегені,  емізік пен бөтелкені қолдану,    басқа  сұйықтықтар беру),
-психологиялық  факторлар( ананың өзіне сенімсіздігі,   стресс,  депрессия,  емізуге деген теріс пікір,  балаға  деген  теріс   көз- қарас,  жалпы шаршағыштық ),
-физикалық  жағдайлар(анасының созылмалы аурулары-  туберкулез, ауыр дйрежелі анемия, жүректік  ревмотоидты аурулары;   дәрілік заттарды қолдану: жүктілікке қарсы  дәрілерді  және  зәр айдайтын  дәрілерді қолдану;  зиянды әдеттер:  арақ  ішу, темекі шегу),
-баланың жағдайы: ауыру  немесе  денсаулығының   туа біткен ақаулары(жұмсақ таңдайдың болмауы,  жүрек ақаулары).

Балының  ана сүтін  толық көлемде алуы үшін   мына жағдайларды жасау керек:
-баланың жанында анасы  көп уықытын өткізуі керек,
-ана сүтін  сұраған уақытында және жиі  кем дегенде 8 рет күніне  беруі керек,
-баланың  емшекті ауызына  алуына көмектесу керек,
-бөтелкені,  емізікті қолданудан бас тарту керек.

Болмаған жағдайда балаға  ана сүтін сауып алып,  кеседен беру керек.

Егер ана сүті аз болған жағдайда  қосымша   қоспамен  тамақтандыруға болады.  Бірақ  бөтелкенің   және  емізіктің   көмегінсіз.  Ана сүті қалпына келген соң  қоспаны тоқтату керек.

 

Вирус аурулары бөлімінің дәрігері   Байгонова А.А.