«Дисбактериоз» термині алғаш рет 1916 жылы ішек микрофлорасының антагонисті функциясының төмендегендігін көрсету үшін енгізілген. Қазіргі кезде дисбактериозға ішек нормафлорасының сапалы және сандық өзгерістерін жатқызу қалыптасқан. Ішек дисбактериозы – бұл бірқатар ауру мен клиникалық жағдай кезінде пайда болатын клиникалық-зертханалық синдром. Нормафлора құрамының сапа және/немесе сан жағынан өзгерістерінен басқа да олардың өкілдерінің өзіне тән емес биотоптарға транслокациялануы мүмкін. Дисбиозбен ауырған пациенттердің ішінде клиникалық симптомдары барларында метаболитті және иммундық бұзылыстар болуы мүмкін. 

Нәжісті микробиологиялық зерттеу – ішек микробиоценозының негізгі интегралды көрсеткіші. Осы микробиологиялық көрсеткіштер дисбиоздың заманауи классификациясының негізі болып табылады. Кестеде солардың бірі ұсынылған.
Ішек дисбиозының ауырлық дәрежесін бағалау үшін маңызды диагностикалық критерий – гемолизинпродукциялаушы және лактозды негативті ішек таяқшасы. Мұндай қасиеті бар E.coli нормада болса, 104 КОЕ/г артық емес 2% зерттелушілерде ғана анықталады. Ішек дисбактериозы кезінде олар 40-50% жоғары жиілікте анықталуы мүмкін, сондай-ақ олардың деңгейі едәуір  дұрыс  гемолизинпродуцияланбайтын, лактозопозитивті ішек таяқшаларының деңгейінен едәуір артық.

2-кесте. Ішек дисбиозының классификациясы

 

Дисбиоз дәрежесіЖуанішек ішіндегісіне жасалатын микробиологиялық зерттеу нәтижелеріКлиникалық зерттеу нәтижелері
I дәрежеМикрофлораның негізгі өкілдерінің жалпы санының (бактероидтер, бифидо- және лактобактериялар) 108-107 КОЕ/г дейін төмендеуі; ферментативті белсенділігі дұрыс ішек таяқшасының 106 КОЕ/г дейін азаюы; шартты патогенді  энтеробактериялардың, алтын стафилококтардың, 103 КОЕ/г дейінгі Candida түріндегі саңырауқұлақтардың деңгейі.·         тәбеті өзгерген;

 

·         метеоризм;

·         нәжісінің тұрақсыздығы;

·         нәжіс түсінің бірдей болмауы

II дәрежеМикрофлораның негізгі өкілдерінің жалпы санының 105 КОЕ/г дейін төмендеуі; лактозонегативті ішек таяқшаларының дұрыс формалары санының төмендеуі негізінде 104-105 КОЕ/г дейін артуы; шартты патогенді энтеробактериялар, алтын стафилококтардың, Candida түріндегі саңырауқұлақтар деңгейінің 104 КОЕ/г дейін артуы.·         тұрақты метеоризм;

 

·         ішөту мен ішқатудың анық көрінуі;

·         тамақ ішкеннен кейін ішкебуді сезіну;

·         іш аурудың миграциялаушы, анықталмаған түрі;

·         гиповитаминоз белгілері;

·         кекіру, қыжыл;

·         терінің аллергиялық реакциясы

III дәрежеІшек микрофлорасының негізгі өкілдерінің жалпы санының 103-104 КОЕ/г дейін төмендеуі; ферментативті белсенділігі дұрыс эшерихияның толымсыз штамдар сандарының артуы  негізінде; шартты патогенді энтеробактериялар, алтын стафилококтардың, Candida түріндегі саңырауқұлақтар деңгейінің 104 КОЕ/г дейін артуы.·         Асқазан-ішек диспепсиясы симптомдарының күшеюі;

 

·         трофикалық бұзылуы

IV дәрежеАнаэробтық микрофлораның негізгі өкілдерінің болмауы; ферментативті белсенділігі дұрыс эшерихияның болмауы; шартты патогенді энтеробактериялардың, алтын стафилококтардың 108 КОЕ/г дейін Candida түріндегі саңырауқұлақтардың болмауы.·         жалпы уыттану белгілері;

 

·         нәжісте патологиялық қоспаның болуы;

·         ағзаның жалпы статусының бұзылуы;

·         ағза өте нашарлаған кездегі процестің  генерализациялануы

Ішектегі микробиологиялық бұзылыстарды түзетудің маңызды факторларын тудырмау үшін оның пайда болу себептерін жою керек және негізгі ауруларға тиімді емдеу керек. Дисбактериозды түзету екі кезеңнен тұрады.

I кезең – мыналарды пайдалану арқылы микробты элиминациялау (шығару):

·         энтеросорбенттерді (энтерос-гель, энтеродез, полифепан, смекта, зостерин, ақ саз;

·         микробтардың тиісті түрлеріне қатысты әрекеттің шағын бағыты бар бактериофагтарды;

·         нитрофуранды қатардағы препараттарды (эрцефурил, макмирор, фурадонин, фуразолидон, 5-НОК),

·         гидроксихинолдарды (интетрикс, энтеро-седив) және басқаларын.

II кезең – флораның дұрысталуы. Бұл кезеңде төрт препараттың топтары қолданылады:

·         пробиотиктер – тірі және лиофильді кептірілген монобактериялар (бифидобактериялары бар сұйық өнім, биовестин, бифидумбактерин, лактобактерин, колибактерин)

·         синбиотиктер – тірі және лиофильді кептірілген бактериялар комбинациясынан тұратын препараттар (нарине-форте, биовестин-лакто, трилакт, витафлор, бификол, линнекс),

·         пребиотиктер – ішектің симбионтты флорасын таңдай отырып стимуляциалауға қабілетті әр түрлі жаратылыстардың қосылуы (лактулоза, лизоцим, эубикор, рекицен-РД, хилак-форте), симбиотиктер –микроорганизмдер мен пребиотиктер комбинациясынан тұратын  препараттар (бифиформ, полибактерин, ламинолакт).

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК базасында жуанішек дисбактериозын (дисбиозын) анықтау үшін зерттеулер жасалады. Талдау дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 08.00-13.00 аралығында қабылданады. Нәтижесі 4-5 тәуліктен соң беріледі. Талдау құны 5 мың 600 теңге тұрады. Мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 56-13-22.

Зерттеуді жоғары білікті маман Г.С.Волкова жасайды.