2017 жылғы 24 ақпанда EN-1500 еуропалық стандарты мен ҚР ДСМ МСЭҚ Комитеті Төрағасының 2013 жылғы 23 сәуірдегі №111 бұйрығымен бекітілген әдістемелік нұсқауларға сәйкес стационардың орта медициналық қызметкерлері мен кіші қызметкерлері үшін «Қол гигиенасы, қолды өңдеу техникасы» тақырыбына арналған семинар өткізілді. Мақсаты – емделушілер мен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, қолдағы транзитарлық микрофлораны кетіріп, жою.