Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның 100 қызметкерімен көшпелі кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында, медицина қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыруды қалыптастыру сұрақтары талқыланды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің Басқарма басшысының міндетін атқарушы Асқар Рахматулин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мобильды тобымен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында мобильды қоғамдық қабылдау рөлін атқаратынын атап өтті.
Тұтас алғанда кездесуге қатысқан қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жаңа бастамаларды жоғары бағалады және ынтымақтасуға дайындықтарын білдірді.
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
Simple Image Gallery Extended