2017 жылғы жүгінулер
2017 жылғы емделген балалар
Сайттағы жаднама
2017 жылғы өткізілген семинарлар
Құрметті астананың тұрғындары мен қонақтары!
Біз сіздермен Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК сайтында қауышқанымызға қуаныштымыз.
Инфекциялық ауруларды толық жою мүмкіндігі туралы ХХ ғасырдың соңындағы иллюзияны өмірдің өзі-ақ сейілтті. «Инфекциялық ауруларды жылдам жеңуге» деген сенім ХХІ ғасырдың басында дәрменсіз болып шықты.
Балалардың инфекциялық аурулары адамдардың жіті ауруларының алдыңғы қатарлылығын сақтай отырып, көптеген созылмалы, оның ішінде мүгедектікке апаратын патологиялардың туындауына себеп болып отыр. Аурудың қолайсыз көріністері мен салдарын болдырмау үшін ешқандай жағдайда да дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды.
Балалардың инфекциялық ауруларын емдеуде бірінші орында сауатты диагностика тұр. Бұл процедура үшін біздің стационарда жаңа жабдықтар (рентген, УДЗ аппараттары), зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы клиникалық-гематологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және бактериологиялық әдістері бар.
Жоғары лауазымды қызметкердің заманауи стандарттарға сәйкес емдеуі ауа-тамшы, жіті респираторлық-вирустық, ішек және т.б. инфекцияларды жоюдың жағымды кепілі болмақ.
Біздің міндет – кішкентай емделушілерді заманауи әрі сапалы медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету. Инфекциялық аурулармен ауырған 15 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеміз. Астанамыздың жаңа әкімшілік орталығы болған сол жағалауда ашылған жаңа аурухана барлық заманауи стандарттарға сай және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған. Емделушілер мен қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған.
Біздің сайт тұрғындарға стационар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметтері туралы және көрсетілетін медициналық қызметтер туралы толық ақпарат беру үшін құрылған.