Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Сәуле Нұрашева аурухана ұжымының атынан 2018 жылғы 8 қыркүйекте қайғылы жағдайда өмірден кеткен қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің дәрігері Абилтаева Әйгерім Жақыпбекқызының туыс-туғандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіреді.
Әйгерім Жақыпбекқызы Шымкент қаласында 1987 жылдың 28 тамызында дүниеге келген. 2010 жылы Астана медициналық университетін тәмамдаған. Өзінің дәрігерлік қызметін 2011 жылы Астана қаласы әкімдігінің Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қабылдау бөлімшесінің дәрігері қызметінде бастаған.
Еңбек қызметінде өзін білімді маман ретінде танытып, бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарған.
Осы жылдың қыркүйек айында Израиль, АҚШ мемлекеттерінің шұғыл медицина саласындағы халықаралық жетекші мамандарынан қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша оқытудан өткен.
Әйгерім Жақыпбекқызы әрқашан медициналық көмекке мұқтаж адамдарға көмек қолын созатын және өз тәжірибесімен кішкентай науқастарды аяғына тұрғызатын.
Әйгерім Жақыпбекқызы біз үшін мамандығына адалдықтың, ақылдың және мейірімділіктің үлгісі болады. Жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.