Энтеровирусты жұқпа

Энтеровирусты жұқпа – клиникалық белгілерінің көптүрлілігімен сипатталатын энтеровирустың әр түрінен туатын жіті жұқпалы ауру.

Энтеровирустар бүкіл жерде таралған, қоршаған ортада ұзағынан сақталады, суда көп уақыт тірі болады, төмен температураларға төзімді.

Энтеровируспен тек қана адамдар ауырады. Науқас адам мен вирустасымалдаушы жұқпаның көзі болып танылады. Азық-түлік, сапасыз су қолдану арқылы, ластанған су қоймаларында шомылу, сондай-ақ тыныс алу жолдарының жоғары бөлігіне вирустың түсуі арқылы адамға жұғады. Жұқпаның таралуына антисанитариялық жағдайлар мен халықтың үймеленуі себеп болады.

Залалданған сәттен бастап бірінші клиникалық белгілерге дейін 3 күннен 6 күнге дейін уақыт өтеді. Ауру безгек, респираторлы-вирсты жұқпа, герпесті ангина, гепатит, жіті ішік жұқпасы, конъюнктивит түрінде өтеді; ең қауіпті түрі ретінде ОЖЖ-ның зақымдануы болмақ (менингит және менингоэнцефалит).Энтеровирустар серозды менингиттің тууына жиі себепші болады.

Менингит (мидың жұмсақ қабығының қабынуы) – бұл орталық жүйке жүйесінің жіті жұқпалы ауруы.

Тарылған ларинготрахеит (жалған қыспақ)

Жалған қыспақ (ложный круп) деп аталатын ЖРА қазіргі уақытта  6 айлық нәресте мен 4 жасар сәбилер арасында жиі болатын болып отыр. Әсіресе, түтін, тозаң қоспасымен тұмшаланған өндірістік қалаларда көбінесе көктем мен күз мезгілінде жиі болады.

Жалған қыспақтың мынадай үш негізгі симптомдары бар:

Даусы өзгереді: қырылдап, қарлығып, даусы отырып, толық шықпай қалады.

Жөтел: өте қатты, иттің үруіне ұқсайды.

Тыныс алуы ауыр, шуыл бар, алыстан-ақ естіледі.

Жалған қыспақты түн ауруы деп те атайды. Себебі, ол жіті респираторлы жұқпалардың (тұмау, парагрипп, аденовирусты жұқпа, қызылша, желшешек және т.б.) әсерінен түнгі мезгілде жиі туады. Әсіресе, ағзасы аллергияға бейім нәрестелерге қауіпті және әр тұмау, ЖРВЖ сайын қайталануы мүмкін.

Кішкентай балалардың көмейі, әрине, ересектердікіне қарағанда неғұрлым тар, оның шырышты қабаттарындағы тамырлар,  бездер мен шеміршектер өте жұмсақ келеді. Дауыстық байламдары қысқа, дауыстық саңылауы тар болады. Сондықтан тіпті шамалы ғана қабыну аллергиялық реакциясын арандатуы мүмкін, сол кезде бездер шектен тыс шырыш бөле бастайды. Нәтижесінде дауыс байламдары астында ісік пайда болады да ауаның ішке енуіне кедергі келтіреді. Сол үшін де тыныс алу үшін қосымша күш қажет болады, сол себепті шуыл, тыныс алуының ауырлауы, қатты жөтел пайда болады. Кішкентай бала мазасызданып, үрейленіп, өз-өзін қайда жіберерін білмейді, көмей бұлшық еттерінің қысқаруы артады. Бұл оның көмей саңылауын тарылтып, баланың жағдайы көз алдыңда нашарлай береді.

Сіз анемия туралы не білесіз?

«Анемия» сөзі қазақша»қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына да әсер етеді екен. Ол көп жағдайда білінбей жүреді, сондықтан дер кезінде ем қабылдаған дұры

Гемоглобин туралы. Гемоглобин — қанды бояп тұратын қызыл дақ. Гемоглобин екі бөліктен тұрады: гемо молекуласы және глобин 4 түрлі ақуыз молекуласынан тұрады. Гемоглобин синтезі үшін темір (темір ионы) керек, темірге нәр беретін заттар — түрлі тағамдар.

Фолий қышқылы (Фолиевая кислота). Бала организімінде темір жеткілікті бола тұра, қаназдық бола береді. Гемоглобин синтезі үшін фолий қышқылы қажет. Сондықтан оны дәрумендер қатарына жатқызады

Анемияны анықтау. Эритроциттер құрамы мен гемоглобин құрамын тексергеннен кейін дәрігер анемияның ненің әсерінен болғанын анықтайды. Гемоглобин синтезі тек темірдің жетіспеушілігінен ғана емес, ақуыздың да жетіспеушілігінен де орын алып жатады. Фолий қышқылы тек қан айналымының дұрыс жүруіне ғана пайдалы емес, сонымен қатар, іште жатқан баланың да дамуына зор ықпал етеді. Балаларға да Фолий қышқылы қажет. Ол емшек сүті, сиыр сүті, жануарлар еті, жасыл жемістердің, жаңғақтардың құрамдарында бар.

Бұл ақпарат бала үшін темекі шегудің ең сорақы салдары туралы

Темекі шегетін де, шекпейтін де ата-ана үшін баласының денсаулығы жақсы болуы, күш-қуатты болуы, мектептегі үлгерімі жақсы болуы, кішкентай достары үшін үлгі болуы – маңызды. Сонда ғана біздер, үлкендер, нағыз бақытты жандар боламыз! Ендеше, баламыздың тыйым салынған дәмді, яғни темекі дәмін қашаннан бері тата бастағанын қалай біле аламыз? Жаңа өсіп келе жатқан ағзаға темекі шегудің қандай зияны бар екенін барлығы біліп-түсінеді. 

Ата-ана бала тууды жоспарлау алдында-ақ оның денсаулығы туралы ойлануы керек. Дұрысында, екеуі де бала туудан бір жыл бұрын темекі шегуді тастаулары керек. Алайда, жүктілік пен темекі шегу бір-біріне қарама-қайшы түсінік екенін біле тұрса да, бұл жөнінде ойланатындары кемде-кем.

Тек болашақ әке ғана темекі шегетін болса да, анаға оның зияны бар, себебі ол да темекі түтінін жұтатындықтан ырықсыз темекі шегуші болып табылады. Темекі түтінін күн сайын жұтатындықтан ананың да темекі шегуші әке сияқты өкпенің қатерлі ісігіне шалыну қаупі бар. Сондай-ақ, жүрек ақаулары да туындауы мүмкін.

Алайда, ана құрсағында жатқан бала да осындай қауіпке душар болуы мүмкін. Ана түсік тастауы мүмкін немесе бала нәресте шағында-ақ қайтыс болуы мүмкін (аяқ астынан қайтыс болу синдромы). Ата-ана осы жөнінде білуі тиіс!

Ең сорақысы – жүкті әйелдің темекі тартуы. Никотин тікелей қанға сіңіп, ұрыққа жеткізіледі ғой. Бұл жерде баланың өміріне тікелей қауіп туып тұрғаны туралы айтылуда. Тіпті, бір күнде бір-ақ темекі тартқанның өзі бала жүрегінің жиі соғуына және жатыр ішінде дем алуының қиындығына әкеп соқтырады. Негізінде, плацента балаға анасынан берілетін барлық зияндылыққа қойылған кедергі іспеттес. Бірақ ол никотинге қарсы тұра алмайды.

Кішкентай балалардың ағзасы

Кішкентай балалардың ағзасы вирус, ішек жұқпалары сияқты жұқпаның әр түрлеріне қарсы тұруға осал келеді. Олардың клиникасы өте жылдам дамиды, сондықтан сіз балаңызда мына белгілердің бірін байқасымен медицина қызметкеріне жүгініңіз:

• сіңірі тартылып, құрысып-тырысуы, түйілуі байқалса

• есінен танып қалса

• сұйықтық іше алмаса немесе емшек еме алмаса

• тамақты не сусынды әр қабылдауы сайын құсса.

Мына жағдайларда стационарға қайта оралыңыз:

1. Балаңызда жөтел пайда болып және мына белгілер қоса болатын болса:

• сұйықтық іше алмаса немесе емшек еме алмаса

• денсаулық жағдайы төмендесе

• қызба пайда болса

• тыныс алуы жиілесе

• тыныс алуы қиындаса

2. Балаңыздың іші өтіп, мына белгілер қоса болса:

• сұйықтық іше алмаса немесе емшек еме алмаса

• денсаулық жағдайы төмендесе

• қызба пайда болса

• үлкен дәретіне қан араласса

• сұйықтық ішуі мардымсыз болса

Науқас нәресте:

• емшекті дұрыс ембесе

• алақаны мен табаны сары түске боялып, ерекше сұп-суық болатын болса және осы белгілердің бірі ғана болғанда жиі емшек емізіңіз

• Медицина қызметкері келгенге дейін анасы баласына мынаны беруі керек:

• егер сәби тек қана емшек арқылы қоректенбейтін болса, сорпа, суға пісірілген күріш суын, айран, биолакт немесе қайнатылған су;

Үлкен дәреті сұйық болған балаға:

• көп мөлшерде су беріңіз;

• тұзды су ерітінділерін (ауыз арқылы берілетін тұзды су);

• үй жағдайында дайындалған сұйықтықтар (егер сәби тек қана емшек сүтімен қоректендірлмейтін болса): сорпа, суға пісірілген күріш суын, айран, биолакт ;

• қайнатылған таза су.

• жиі және ұзақ уақыт бойы емшек емізіңіз

• үлкен дәретінің сұйық болуы тоқтатылғанға дейін сұйықтықты молынан беріңіз.

Ротовирусты жұқпа немесе ішек тұмауы

Жоғары дене қызуы, мұрынның бітелуі, құсу, асқазан-ішек жолдарының бұзылысы – осының бәрі «Менің баламда ішек тұмауы» деп ата-аналардың айтуына болады. «Ішек тұмауын» тудыратын негізгі ішек инфекциясы – ротовирус. Ротовирусты инфекциямен ең жиі ауыратын кезең, қысқы уақытта, әсіресе желтоксан айынан наурыз айлары аралығында.

Бұл басқа ішек инфекцияларына қарағанда ротовирус төменгі температураға төзімді.Көбінесе 1 ден 3 жас аралығындағы балалар осы инфекцияға сезімтал.

Ротовирусты инфекция кезінде – уыттану белгілері, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы, жоғарғы тыныс жолдарының катаральды өзгерістері байқалады. Диарея «іш өту» белгілері бар науқастың нәжісін зерттеу кезінде электронды микроскоп арқылы, ротовирус қоздырғышы анықталады.

Инфекцияның жұғу көзі – тек науқас адам ғана емес, дені сау, бірақ ағзасында ротовирус анықталатын адам болып табылады, сондықтан бір жасқа дейінгі балалар көбінесе ағзасында ротовирусы бар анасынан жұқтырады. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда ротовирус өзінің өмір сүру қабілеттілігін 10-15 күннен 1 айға дейін сақтай алады.

Жұқтырған сәттен бастап, алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт бірнеше сағаттан 3-5 күнге созылады. Ауру жедел басталады.