Астана тұрғындарының назарына! Сізден сақ болуларыңызды сұраймыз!!!

Соңғы кездері көбіне мүгедектілік пен өлімге алып келіп жатқан балалар арасында жарақаттану жағдайлары жиеленіп кетті.

Астана қаласында бүгінгі таңда жоғарыдан құлау бойынша 25 жағдай тіркелген, олардың: 5 жасқа дейінгі бала – 14 жағдай, 15 жасқа дейінгі – 10 жағдай. Москит торынан 5 бала жағдайында да бірден көз жұмды.

Қазақстан бойынша жарақаттану санағы жұбанышты емес: 2012 жылдың алғашқы жарты жалдығымен салыстырғанда 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында:

  • Өндірістік жарақаттану – 662 жағдай (680 – 2012ж.), өліммен аяқталғаны 9 (7) жағдайды құраған;
  • Жоғарыдан құлау – 51 жағдай (50 – 2012ж.), өліммен аяқталғаны 3 (3);
  • Жол-көліктен жарақаты ересектер 866 жағдай (679 – 2012ж.), қайтыс болғаны 8 (8); балалар 114 (87), 1 бала қайтыс болды;
  • Жаяу жүргіншіні соғу – ересектер 255 жағдай (270 – 2012ж.), 6 (3) қайтыс болды; балалар 116 (65), барлығы тірі.

Жоғарыдан құлау, жол-көлік оқиғаларымен қатар өліммен аяқталатын жарақаттанудың жиі кездесетін себеп болып табылады. Еңбекке қабілетті адамадр арасында көбіне құрылыстағы адамдар шалдығады. Қарт адамдар үшін құлау аса қауіпті, себебі олардың сүйектерінің ауырлығы ауыр салдарға алып келеді.

Москит торы арқылы құлау ерекше назар аудартарлық.

Құрметті ата-аналар! Жоғары қабатты үйлерде балалардың терезеге мінуіне жол бермендер!

Әдетте, біз үйде өзімізді қауіпсіз сезінеміз, бірақ дәл өзіміздің пәтерімізде бізді барлық дұзақтар күтіп тұруы мүмкін, мыңдаған адамдар оның құрбаны болып табылып жатыр. Көбіне оған ересектердің өзі кінәлі – ол алаңғасырлық, абайсыздық және жеңілтектік.

ӨТЕ ҰҚЫПТЫ БОЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

СІЗДІҢ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ СІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ!!!

Ішекқұрт (гельминт) инвазиясы туралы ата-аналарға арналған жаднама

Паразитті аурулар – адамның неғұрлым көп дамыған дертінің бірі. Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша паразитті ауруларымен әлем халықтарының тең жартысы зақымдалған. Біздің республикамыздың өзінде энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез, эхинококкоз, описторхоз, тенииодоз, трихинеллез және т.б. үнемі тіркеліп отырады.

Балаларда көбінесе домалақ құрттар: бөсірлер (аскаридалар), острица және түктібастар (власоглавы) кездеседі. Бөсірлер өскен кезде 15-40 см-ге дейін жетеді және жіңішке ішекте өмір сүреді.  Острицалар кішірек келеді,  3-12 мм болады. Олар жіңішке және жуан ішектерде болады. Түктібастар да жіңішке және жуан ішектерде болады, ұзындығы 35 мм-ге дейін жетеді.

Гельминтоз – тамақ және байланыс арқылы жұғатын адам мен жануарлардың паразитті инвазиясы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ішекқұртты жұқтыру ықтималдылығы 100% -ға тең. Себебі бұл жаста олардың гигиеналық машықтары әлі толық дамымайды, олардың көбі қоршаған ортаны тануды ауыз арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ, нәресте мен сәбилердің инвазияға қарсы қорғаныш механизмдері әлсіз болады (асқазандарындағы ортаның қышқылдылығы аз, иммунитеттері әлсіз). 7 жастан асқан балалардың ішекқұрт жұқтыру ықтималдылығы мектепке дейінгі жастағылардан соншалықты аз емес.

Паразитолог мамандардың бағалаулары бойынша мектепке дейінгі жастағы 10 баланың 8-і ішекқұрт жұқтырады. Оның ішінде әр үшінші балада ғана аурудың анық белгілері болады. Бұл қалған балаларда ауру жасырын түрде болатынын көрсетеді, әрине осындай себеппен олар ішекқұртқа қарсы терапияны уақтылы қабылдамайды. Жұқтыру нәжістік жолмен және ауыз арқылы және жер, құм (саяжайда, құмды жерде), лас заттар (ойыншық, киім, аяқ киім, төсек жабдықтары, еден), азық-түлік арқылы (жеміс-жидектер), жәндіктер (шыбын, тарақан, құмырсқа), жануарлармен байланыс арқылы (ит, мысық; олар ішекқұрттарды даладан үйге табандары, жүндері арқылы әкеледі) жүзеге асады.

Балалар тимомегалиясы

Балалар тимомегалиясы – балалар айыршабезінің ұлғаюы.

Мұндай жағдайлар балаларда, әсіресе 1 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Айыршабез төстің алдыңғы жоғары жағында орналасады. Айыршабездің екінші бір атауы – «балалық без». Оның ұлғаюына эндогендік немесе экзогендік факторлар мен олардың әрекеттері себеп болады. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері тұқым қуалаушылық (бұл белгілі бір гендер арқылы расталып отыр), жүктілік ауытқулары, ананың жұқпалы аурулары, кеш жүктілік, нефропатияның да әсерлері бар екенін мойындап отыр.

Балалар тимомегалиясының симптомдары

Балалар тимомегалиясының негізгі симптомдары мыналар:

Баспа

Баспа – жұтқыншақтық бадамшабездердің жіті қабынуы 

Баспаны жиі қоздыратын – А тобындағы гемолитті стрептококк. Баспа стрептококтың көптеген серотиптерінен ғана тумайды, сондай-ақ стафилококк, пневмококк, гемофильді таяқшалардан және тағы басқаларынан туады. Баспаның ауыр түрлері иммунитеттері төмен, әлсіз балаларда грамтеріс микрофлора арқылы туады. Кез келген адам үшін баспамен ауыру қаупі өте жоғары, баспамен ересектер де балалар да ауырады.

Жұқпа көзі – стрептококты жұқпаның түрлі түрлерімен ауыратын науқастар (жәншаулық баспа, стрептодермия, синусит және т.б.), сонымен қатар гемолитті стрептококк тасымалдаушылар. Таралудың негізгі жолы – ауа-тамшы арқылы, күнделікті күтіну үшін қолданылатын заттар, ыдыс-аяқ, киім-кешек, ойыншық арқылы таралу.

Баспаны қабылдағыштық қаупі айтарлықтай жоғары. Баспамен ауырған науқаспен ұзақ әрі жақын араласу ауруды жұқтыруға себеп болады. Ауруды науқас адамнан жұқтыру қаупі ағзаға гемолитті стрептококтың түсуінен ғана емес, бала иммунитетінің жағдайы мен ерекешеліктеріне де байланысты.

Ауру кезеңдері:

Инкубациялық кезең – 1-7 күн аралықтары.

Ырықсыз клиникалық белгілерінің кезеңі – 7-10 күн аралықтары.

Реконвалесценция (аурудан жазылу) кезеңі  – 10-15 күннен кем емес.

Тұмау

Тұмау , грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын  вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Вирусты гепатит

Вирусты гепатит ішек-қарынның жіті ауруларына жатады. Сау адамға тек науқас адам арқылы жұғады.

Гепатиттің тарауына үлкен себепші – ол вируспен залалданған су. Халық ауызсу ретінде және шаруашылыққа пайдаланып отырған ашық су қоймалары да бұған себепші болады. Мұндай жағдайлар су құбырларын жөндеген кездері вируспен залалданған судың су желісіне еніп кетуі арқылы бой алады.

Гепатит вирусы адам ағзасына түскен кезде 10-45 күн бойына, яғни инкубациялық кезеңде аурудың ешқандай белгілерін көрсетпейді. Ол әр түрлі түрде дамиды. Науқас адамдар ішінің бұрап ауыратынын, іштің оң жақ бөлігі мен ұйқы безінің тұсы ісініп тұратынын, іші кеуіп кететінін, тәбетінің төмендейтінін, майлы тамаққа қарай алмайтындықтарын, жүрегі айнып, кейде құсатындарын және шамалы іш өту мен іш жүрмейтін кездері болатынын айтады. Сондай-ақ ауыздарына запыранның дәмі келіп, зәрлерінің түсі қошқылданады. Кейінірек нәжісінің де түсі өзгереді: оның түсі ағарып, сарғылт сұр түске боялады, саз іспетті болады. Осы бастапқы кезеңінде-ақ тексеріс барысында бауырының көлемі ұлғаяды, кейде көкбауыры да үлкейеді.

Ауру басталғанына 7-12 күн болғанда адамның терісі сарғая бастайды. Көз аққабығы, таңдайы, одан кейін кеуде тұсы мен қарын, одан кейінірек бетінің, аяқ-қолының терісі сарғаяды.