Желшешек – өте қауіпі, вирусты этиологиялы жедел инфекционды ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді. Желшешек тұқымқуалау ауруына жатпайды.
Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралу ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады. Вирус жәнеде вертикальді механизм түрде таралады , анасынан құрсақтағы балаға берілуі, егерде анасы жүктілік кезіңде желшешек ауруымен ауырса. Адамдардың желшешек ауруына сезімталдығы жасына байланысты. 6 айға дейіңгі балалар іс жүзінде ауырмауы мүмкін, анасынан берілген иммунитетіне байланысты. Өсе келе сезімталдығы жоғарлап және іс жүзінде баланың бірінші кездесуі инфекцияның қоздырғышының бастауымен зарарлануына келтіреді. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес және тез өледі. Вирус ауру адамның көрінетін сілемейлерінде және терісінде орналасқан көпіршіктерден сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы кезде науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке каратинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда , 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.
Клиникалық белгілері:
Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Бөртпелер мен көпіршіктер қатты қышиды. Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскеннен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.
Балаларда папула және көпіршіктер ауыз қуысының көрінетін сілемейлерінде байқауға болады, олар афтозды жараға дейін айналады. Аурумен қайталап ауруы мүмкін емес, өйткені организмді тұрақты иммунитет пайда болады.
Емі: ауру баланы көбінесе үйде оңашалайды. Стационарда тек клиникалық көрсеткіштерге байланысты емделеді. Спецификалық ем дәрігердің тағайындауымен вирусқа қарсы препараттар қабылдайды. Ұсынылады төсектік тәртіп, көп сұйықтықты ішу,айран- сүт тағамдары қабылдау, баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау. Баланың тырнағын қысқа қылып алып тастау керек. Себебі бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий перманганатының (1-2 пайыздық) ерітіндісін немесе калий марганец қышқылының (10 пайыздық) ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек.
Желшешектің асқынуы:
Желшешек ауруы көбінесе бактериальді инфекция ауруларына алып келеді: вирусты пневмония (өкпенің инфекциясы, белгілі вируспен шақырылған және қызба белгілерімен өтетін, жөтел және демікпе); энцефалит. Бас миының вирусты энцефалит ауруы, сирек кездесетін түрі. Оның белгілерін біліп жүрген дұрыс: қызба, есінің тануы,ұмытшақтық, шаршағыштық және бірден бас ауырсынуы, аяқ-қолдарына таралатын. Осы белгілер болған жағдайда дереу науқасты дәрігерге алып келу керек.
Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап жекелендіреміз, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Міндетті түрде бөлмеде ауа- жылулық тәртібін сақтау керек.Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда, міндетті түрде дәрігер шақыру керек.
Ата- аналар міндетті түрде осы ауру жайлы біліп жүрген жөн, ең бастысы- ауруды уақытысында және өткізіп алмау керек.
Ескерту: желшешек ауруы кезінде баланың дене қызуы көтерілсе, оған ешқашан аспирин дәрісін беруге болмайды.
Дайындаған: Балалар инфекционист дәрігер Абилтаева А.Ж.