Құрметті ата-аналар!

Антибиотиктерді тағайындар алдында аллергиялық реакцияларының бар-жоғын анықтау үшін балаларға сынама жасауға бола ма, болмай ма деген сұрақтар жиі туындайды.

Әдеби мәліметтерге сүйенетін болсақ, "...дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакция туындауының алдын алудың ең тиімді жолы – анамнез жинау», яғни жағымсыз реакциялардың тарихын білу. Антибиотиктерге шынайы аллергияның туу мүмкіндігін анықтау үшін осы клиникалық-анамнестикалық деректер негізгі критерий болып келеді.

Түрлі зерттеулердің көрсетуінше, антибиотиктерге аллергиялық реакциялары бар деп мəлімдеген пациенттердің шағын үлесі ғана аса сезімталдықтың зардабын тартқан. Инфекцияның өзі-ақ есекжем мен Квинкені немесе басқа да аллергиялық реакцияларды ушықтыратын факторға жатады.

Медициналық тұрғыдан алып қарағанда барлық (немесе көптеген) препараттарға аллергиялық реакциялардың болу-болмауын анықтау үшін сынама жасаудың маңызы жоқ. Себебі теріге жасалған сынаманың теріс көрсеткіші енгізу тәсілдерінің өзге түрінде реакция болмайтынына кепіл бола алмайды. Теріге аллергиялық сынама жасаудың салдарынан олардың ішінен ең болмаса біреуі ауыр аллергиялық реакция беретін жағдай да болуы мүмкін.

Жуанішек дисбактериозы (дисбиз)?

«Дисбактериоз» термині алғаш рет 1916 жылы ішек микрофлорасының антагонисті функциясының төмендегендігін көрсету үшін енгізілген. Қазіргі кезде дисбактериозға ішек нормафлорасының сапалы және сандық өзгерістерін жатқызу қалыптасқан. Ішек дисбактериозы – бұл бірқатар ауру мен клиникалық жағдай кезінде пайда болатын клиникалық-зертханалық синдром. Нормафлора құрамының сапа және/немесе сан жағынан өзгерістерінен басқа да олардың өкілдерінің өзіне тән емес биотоптарға транслокациялануы мүмкін. Дисбиозбен ауырған пациенттердің ішінде клиникалық симптомдары барларында метаболитті және иммундық бұзылыстар болуы мүмкін. 

Нәжісті микробиологиялық зерттеу – ішек микробиоценозының негізгі интегралды көрсеткіші. Осы микробиологиялық көрсеткіштер дисбиоздың заманауи классификациясының негізі болып табылады. Кестеде солардың бірі ұсынылған.
Ішек дисбиозының ауырлық дәрежесін бағалау үшін маңызды диагностикалық критерий – гемолизинпродукциялаушы және лактозды негативті ішек таяқшасы. Мұндай қасиеті бар E.coli нормада болса, 104 КОЕ/г артық емес 2% зерттелушілерде ғана анықталады. Ішек дисбактериозы кезінде олар 40-50% жоғары жиілікте анықталуы мүмкін, сондай-ақ олардың деңгейі едәуір  дұрыс  гемолизинпродуцияланбайтын, лактозопозитивті ішек таяқшаларының деңгейінен едәуір артық.

2-кесте. Ішек дисбиозының классификациясы

Желшешек

Желшешек – өте қауіпі, вирусты этиологиялы жедел инфекционды ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді. Желшешек тұқымқуалау ауруына жатпайды.

Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралу  ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады.  Вирус жәнеде вертикальді механизм түрде таралады , анасынан құрсақтағы балаға берілуі, егерде  анасы жүктілік кезіңде желшешек ауруымен ауырса. Адамдардың желшешек ауруына сезімталдығы жасына байланысты. 6 айға дейіңгі балалар іс жүзінде  ауырмауы мүмкін, анасынан берілген иммунитетіне байланысты. Өсе келе  сезімталдығы жоғарлап және іс жүзінде баланың бірінші кездесуі инфекцияның қоздырғышының бастауымен зарарлануына келтіреді. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес және тез өледі. Вирус ауру адамның көрінетін сілемейлерінде және терісінде орналасқан көпіршіктерден сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы кезде науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке каратинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда , 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.

Клиникалық белгілері:

Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Бөртпелер мен көпіршіктер қатты қышиды. Бұл көпіршіктердің ішіндегі сұйықтық кейіннен өзгеріп, іріңді көпіршіктерге айналуы мүмкін. Бірақ олардың айналасындағы тері қабаты өзгермейді, сөйтіп 1-2 күннің ішінде көпіршіктер құрғап, қабыршақтармен жабылады. Қабыршақтар құрғап түскеннен кейін орнында дақ қалмайды. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.

Балаларда папула және көпіршіктер ауыз қуысының көрінетін сілемейлерінде байқауға болады, олар афтозды жараға дейін айналады. Аурумен қайталап ауруы мүмкін емес, өйткені организмді тұрақты иммунитет пайда болады.

Емі:   ауру баланы көбінесе  үйде оңашалайды.  Стационарда тек клиникалық көрсеткіштерге байланысты емделеді. Спецификалық ем дәрігердің тағайындауымен вирусқа қарсы препараттар қабылдайды. Ұсынылады төсектік тәртіп, көп сұйықтықты ішу,айран- сүт тағамдары қабылдау, баланың жеке басының, киім-кешегінің, төсек орнының, бөлменің тазалығын қатаң сақтау. Баланың тырнағын қысқа қылып алып тастау керек. Себебі бала бөртпелерді қасыған кезде микробтар еніп, бөртпелер жараға айналады. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий перманганатының (1-2 пайыздық) ерітіндісін немесе калий марганец қышқылының (10 пайыздық) ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек.

Желшешектің асқынуы:

Желшешек ауруы көбінесе бактериальді инфекция ауруларына алып келеді: вирусты пневмония (өкпенің инфекциясы, белгілі вируспен шақырылған және қызба белгілерімен өтетін, жөтел және демікпе); энцефалит. Бас миының вирусты энцефалит ауруы, сирек кездесетін түрі. Оның белгілерін біліп жүрген дұрыс: қызба, есінің тануы,ұмытшақтық, шаршағыштық және бірден бас ауырсынуы, аяқ-қолдарына таралатын. Осы белгілер болған жағдайда дереу науқасты дәрігерге алып келу керек.

Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап жекелендіреміз, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Міндетті түрде бөлмеде ауа- жылулық тәртібін сақтау керек.Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда, міндетті түрде дәрігер шақыру керек.

Ата- аналар міндетті түрде осы ауру жайлы біліп жүрген жөн, ең бастысы- ауруды уақытысында және өткізіп алмау керек.

Ескерту: желшешек ауруы кезінде баланың дене қызуы көтерілсе, оған ешқашан аспирин дәрісін беруге болмайды.

Дайындаған: Балалар инфекционист дәрігер Абилтаева А.Ж.

Жас аналарға ана сүтінің ерекшелігі бойынша кеңес

Балаға  ананың  сүтін  ему  өте  маңызды. Себебі  ол баланың өсіп дамуына,    ауруды  тудырмауға,   аурудан   тез жазылуына  тікелей  әсер  етеді.    Ана сүтінде  арудан  жазылуды  қамтамасыз ететін    қоректік затар  бар.   Осы ерекше  компененттердің  арқасында     ана сүті     баланы    аллергиялық  рекциялардан   және  жұқпалы    аурулардан қорғайды.  Ана  сүтінде   май қышқылдары  өте  көп кездеседі, олар  мидың  дамуы  үшін қажетті.   Баланы   6  айға  дейін  тек   ана   сүтімен    тамақтандыру,  ал 6 айдан асқан соң ғана  қосымша   тамақтар беру   ұсынылады, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымдамасы бойынша.

Бала  ана сүтін  толық қанды  алуы  үшін  анасы  бірнеше қағиданы  есте сақтауы  керек:
-баланың ауызы    кең   көлемде  ашылуы  керек,
-ареоланың   көп   бөлігі   баланың   аузында  болуы  керек,
-баланың  төменгі ерінің сыртқа  қарауы керек,
-баланың иегі  анасының  емшегіне тиіп тұруы керек,
-баланың басы  және кеудесі  бір деңгейде болуы тиіс,
-баланың беті  және кеуде қуысы анасының  емшегіне,  ал мұрыны  емізігіне қарсы  бағытта болуы тиіс,
-баланың денесі анасының денсіне жақын  орналасуы керек «қарны қарынға»,
-анасы баланың денесін ғана емес,  сонымен бірге  бүкіл   денесін  ұстап  отыруы керек.

Вирусты гепатиттер А, Е

Вирусты гепатиттер энтеральді және парентеральді механизммен жүретін, интоксикация синдромымен сарғаюмен көрінетін, бауыр зақымдалу синдромымен сипатталатын жұқпалы ауру. Вирусты гепаттиттер энтеральді және парентеральді болып бөлінеді. Энтеральді: вирусты гепатит А және Е жатады. Парентеральді: вирусты гепатит В, С,Д соңғы кездері F, G және тағы басқалары анықталған.Вирусты гепатит “А” – эпидемиялық гепатит фекальді және оральді механизммен жұғатын, интоксикация және холезтаз көріністерімен өтетін, бауыр зақымдану синдромымен сипатталатын жедел вирусты жұқпа. 

Этиологиясы: Қоздырғыш энтеровирус тобына жататын көлемі 28-30 нм, 1 жіпті РНК-сы бар өтте, зәрде, қанда, қан сары суында кездеседі. Сыртқы ортада төзімді. Қалыпты бөлме температурасында бірнеше ай 4 *С жылдап тіршілігін сақтайды. Қайнатқанда, вирус 5 минут ішінде өледі. Формалин және ультрофиолет сәулесіне сезімтал.

Эпидемиологиясы: Антропонозды ішек жұқпасы инфекция көзі ауру адам. Жұғу механизмі: фекальді, оральді. Жұғу жолдары: су, тағам, тұрмыстық қарым-қатынас. Сезімтал ағза: адам. Иммунитеті төмен адамның сезімталдығы өте жоғары. Жиі 4-5 жас арасындағы балалар ауырады. Маусымдылығы: қыс, күз айлары. Вирус тасымалдаушы, созылмалы түрлері жоқ. Ауру аяқталғаннан кейін тұрақты иммунитет түзіледі. 1 жас дейінгі балалар ауырмайды. Себебі: Анадан ұрыққа беретін пассивті иммунитет қорғайды. 40 жастан жоғары ересектер ауырмайды. Себебі: Өмір сүру барысында иммунитет қалыптасады.

Вирусты герпес жұқпалары

Герпесті жұқпа – қоздырғышы қарапайым герпес болып табылатын жұқпалы ауру.

Герпес – вирусты жұқпалардың ең көп тараған түрі. Жер бетіндегі адамдардың 90%-ы герпес жұқтырған, АҚШ-тың 30 млн халқы қайталана беретін аурулармен ауырады. Жұқпаны жұқтырғандардың тек 5%-ында ғана ауру белгілері білінеді, ал қалғандарында ауру клиникалық белгілерінсіз болады.

Герпес қоздырғышы – құрамында Herpesviridae тұқымдасына жататын Herpes simplex вирусы бар ДНК. Ең көп тарағаны – 1-тип (ерінге ұшық шығады), ал 2-типтегі вирусқа гениталиге (жыныстық ағзалар) шығатын герпес және жаңа туған нәрестелердің генерализацияланған жұқпалары жатады.

Вирустың жиі зақымдайтын жерлері:

тері мен сілемейқабықтар (герпесті экзема, герпесті гингивостоматит, лабиалды герпес, герпесті панариций)

көз – герпесті кератоконъюктивит

жыныс ағзаларының сілемейқабықтары – генитали герпесі